ШҚМТУ серіктестері

mapД. Серікбаев ШҚМТУ таяу және қиыр шетел университеттерімен, ұйымдарымен білім беру және ғылыми зерттеу саласында өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімшарт бойынша жұмыс жыл сайын жүргізуде. 2014 жылдың аяғында Университетте шетел жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен серіктестік қарым-қатынас орнату туралы 113 келісімшарт болды. Бұл келісімшарт шеңберінде студенттермен, магистранттармен, докторанттармен, оқытушылармен алмасу, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-инновациялық қызмет көзделген. Сондай-ақ ҚР БжҒМ «Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына шетел ғалымдарын және кеңесшілерін тарту» бағдарламасы арқасында 2014 жылдың ішінде 12 жаңа келісімшарт жасалды.

Ынтымақтастық туралы келісімшарттар сондай-ақ «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасын өзекті етеді.

2014 жылы 194 магистрант және 40 докторант мына елдердің жоғары оқу орындарына қысқа мерзімді машықтануға барды - Ресей (Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлкеттік техникалық университеті), Польша (Вроцлав технлогиялық университеті, Люблин техникалық университеті), Германия (Баварияның жер өлшемдері және геоақпарат басқармасы), Италия, Ұлыбритания (Жаратылыс тарихы мұражайы), Түркия (Фират университеті, Dokuz Eylul University), Әзірбайжан, Венгрия (Обуда университеті).

2014 жылы 4 студент «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында Люблиндік техникалық университетте оқыды - Қанапинова Сауле Серікқызы, Маратова Аида Гафурқызы, Садықов Бауыржан Қуанышұлы, Толықпаева Мадина Асқарқызы. Байдельдинова Рашида Решатқызы DAAD бағдарламасының қатысушысы болып, Германияда жазғы тіл курстарын оқыды. 2014 жылғы қазан-қарашада «Металлургия» және «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау» мамандықтарының екі магистранты қысқа мерзімді ғылыми білім беру бағдарламасымен шәкіртақы жеңіп алып, Акита университетінде (Жапония) оқыды. ШЫҰ университетінің халықаралық магистратура бағдарламсы бойынша «Ақпараттық технлогиялар» мамандығымен 2 магистрант - Троеглазова Татьяна Сергеевна және Байшыбаев Даулет Жәнібекұлы, Новосібір мемлекеттік университетінде бір жылдық оқудан өтті.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында «Білім берудегі менеджмент» тақырыбы бойынша 1 жыл көлемінде машықтанудан – Солтан Г.Ж. өтті, Ұлыбритания, 2014ж. қыркүйек.

IAESTE техникалық ЖОО студенттерімен машықтануға алмасу бойынша Халықаралық ассоциациясының Шығыс филиалының жұмысы арқасында университет таңдаулы студенттерін қиыр шетел мемлекетіне (АҚШ, Дания, Қытай, Германия, Испания, Ирландия) өндірістік тәжірибеге жолдауға мүмкіндігі бар.

Осылайша 2014 жылы (жаз уақытында) Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ базасында өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік алғандар –Испаниядан келген студент Даниель Антонио- маусым, шілде айларында, «Сәулет өнері, құрылыс» факультетінде, 3 студент «Ақпараттық технлогия және энергетика» факультетінде Тунис Республикасынан келген Тарифа Фатма, Словакиядан келген Фалис Матуш және Австралиядан келген Ион Майкл.

Халықаралық шарттар туралы ақпарат

Strategical partners of the university:

International projects and exchange programs