Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бөлім

Бүгінгі күні халықаралық ынтымақтастық бөлiмі Д.Серiкбаев атындағы ШҚМТУ-ін халықаралық ынтымақтастық жоспар шеңберлерiнде, университеттiң шетел серіктестерімен сыртқы байланыстарың анықтау және дамыту бойынша ұйымдастыру-техникалық атқарымдар кешенін орындайды.

ШҚМТУ- ің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің құрылу және қызмет етуiнің бас мақсаты тиiмдi басқару жүйесiн әзірлеу және дамыту, университетті халықаралық деңгейде көрсетуді ұйымдастырумен сабақтас кешенді сұрақтарды шешуде тұрады.

Халықаралық ынтымақтастық  департаментінің негізгі міндеттері:

  • Болон үдерісі шеңберінде білім беру аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру.
  • Халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру бойынша кешенді мақсатты бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру.
  • Білім беруді дамытудың негізгі әлемдік беталысы туралы ақпарат жинау, талдамалық материалдарды зерделеу және құрастыру.
  • Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ серіктес жоғары оқу орындарының ерекшеліктерін есепке алып, халықаралық әмбебап білім беру жүйесін енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  • Білім алатын бағдарламаларын мамандандырылған  акредитацияға дайындауға қатысу.
  • Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің шетел тілдерін меңгеру дағдыларын жетілдіру үшін жағдай жасау.
  • Шетелдердің ең үздік оқу орындарында оқыту үшін университет студенттерін іріктеу.
  • Қазақстан Республикасы аумағында оқу, жұмыс істеу және ғылыми зерттеу жүргізу кезінде шетел азаматтары үшін жасалған білім алу, экономикалық, тұрмыстық жағдайын қанағаттандыруға жәрдемдесу

Халықаралық ынтымақтастық  департаментінің бернелері:

  • Университеттің халықаралық қызметінің стратегиясын, ШҚМТУ-нің әлемдік білім және ғылым кеңісітігімен бірлесуін әзірлеу; мамандар дайындау, ғылыми-педагогтік кадрлардың біліктілігін жетілдіру, бірлескен оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу бағдарламалары, баспа қызметі және шетел серіктестерімен басқа да тікелей келісімдер жасасу аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту шараларын іске асыру.
  • Шетел серіктестерімен шарттар жасасу мәтіндерін дайындау және оларды іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу. Олардың іске асырылуын бақылау бернелерін жүзеге асыру.
  • Халықаралық ұйымдардың білім және ғылым гранттарын іздестіру және оларды университетке тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру.
  • Халықаралық ғылыми-білім ынтымақтастығын құру арналары бойынша университет пен оның серіктестері арасындағы профессор-оқытушылар құрамы өкілдерімен, студенттермен, аспиранттармен алмасуды қамтамасыз ету.
  • Шетел азаматтары қатарына жататын университет студенттері мен оқытушыларының оқуына, сынақ мерзімінен өтуіне, жұмысына, тұруына және төлқұжат тәртібін сақтауына жалпы жетекшілік етуді жүзеге асыру.
  • Профессор-оқытушылар құрамына, студенттер мен аспиранттарға, шетел азаматтарына консулдық-визалық қызмет көрсету жөнінде кеңес беру.
  • Университетте шетел делегацияларын қабылдауды және олардың болуын ұйымдастыру, тұру бағдарламаларын, делегацияларды қарсы алу бойынша шығыс сметасын дайындау, шетел азаматтарының ҚР-да болуына байланысты пайда болған проблемаларды шешуге қатысу.
  • Білім беру қызметінің халықаралық нарығы, жоғары оқу орнының стратегиялық серіктестері, университет мүддесі бар салалар туралы ақпарат жинау, оған талдау жасау.
  • Қазіргі заманғы коммуникациялық технологияларды қолданып, университеттің шетел серіктестерімен тұрақты байланыс арналарын ұйымдастыру.
  • Шетелдік азаматтармен сұхбаттасудың есеп-жазбаларды құрастыру және унивесритеттің мемлекеттiк құпияларды қорғау бойынша бөлiмге  жазбалардың көшірмесін тапсыру.
  • Тәртіптік мәселелерді қамтитын анықтамаларды құрастыру және оларды университеттің мемлекеттiк құпияларды қорғау бойынша бөлiмге тапсыру.