Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Жас ғалымдар кеңесі

[Image] 2008 жылы жас ғалымдарды ғылым мен техниканы дамыту мәселелерін, Республиканың ғылыми әлуетін дамыту мәселелерін шешуге тарту үшін, жас ғалымдар проблемаларын шешу тиімділігін арттыру және жастардың өзін бұларды шешуге тарту үшін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті негізінде Жас ғалымдар кеңесі құрылды.

Жас ғалымдар деп 35 жасқа толмаған, ғылыми қызметпен айналысатын ғылыми қызметкерлер, стажер-зерттеушілер, ізденушілер, аспиранттар, магистранттар мен докторанттар, оқытушылар есептеледі.

Кеңестің міндеттері:

  • ғылыммен айналысатын жастардың кәсіби өсуіне, олардың іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсене қатысуына жәрдемдесу;
  • Ғылыми Кеңесте және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ басшылығы алдында, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда өкілдікті органның ролін атқару және ғылыммен айналысатын жастардың құқықтарын қорғау, кәсіптік қызметтің және өмірдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының түрлі аспектілері бойынша ғылыммен айналысатын жастардың пікірін білдіру;
  • шаруашылық есеп негізінде ғылыми-инновациялық орталықтар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың басқа да нысандарын құруда ынтагерлік білдіру;
  • көкейкесті ғылыми проблемаларды және басым ғылыми міндеттерді шешу үшін жас ғалымдардың күшін біріктіру;
  • арнайы әзірленген шаралар арқылы жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру;
  • жас ғалымдардың зерттеушілік жобаларға, гранттарға, конкурстарға, бағдарламаларға, сынақ мерзімінен өтуге қатысу нысандарын жетілдіру;
  • басқа ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының Кеңестерімен байланыс құру желісін қалыптастыру және кеңейту.

Кеңестің бернелері:

  • конференциялар, семинарлар, жас ғалымдармен кездесулер, белгілі ғалымдардың дәрістер циклін өткізуді ұйымдастыру, жас ғалымдардың республикалық және халықаралық конференциялар мен семинарларға, симпозиумдерге, сынақ мерзімінен өтуге қатысуын қолдау және қаржылық көмек көрсету;
  • Қазақстан Республикасы, таяу және алыс шетелдер бойынша қорлар, гранттар, конференциялар, конкурстар және басқадай іс-шаралар туралы, Қазақстан Республикасындағы жас ғылыми кадрларға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары туралы жас ғалымдарды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • жас ғалымдарға гранттық қолдау көрсететін отандық және шетелдік қорлар мен бағдарламалар туралы ақпарат жинау және оны жүйелендіру;
  • әдістемелік, ұйымдастырушылық және материалдық қолдау көрсете отырып, жас ғалымдардың жариялануына жәрдемдесу;
  • Қазақстанның, шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтары жас ғалымдарының бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру;
  • жастар ұжымдарының қымбат бағалы жабдықтарды пайдалануға қол жеткізуіне жәрдемдесу, қазіргі заманғы жаңа жабдықтармен жұмыс істеудің заманауи әдістеріне үйретуді ұйымдастыру;
  • шетелге кеткен жас ғалымдардың деректер банкісін құру. Бірлескен жұмыстар жүргізу мақсатында олармен байланыс құру, сондай-ақ оларды Қазақстанда жұмыс істеуге тарту;
  • Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де жұмыс істейтін жастардың тұрмыстық және басқа да әлеуметтік проблемаларын шешу нысандарын іздестіру;
  • спорттық және мәдени іс-шараларды дайындау және өткізу.