15 ақпан – Ауғаныстаннан әскер шыққан күн. Айтулы күн ауған ардагерлерінің мерекесі, сұм ажал жұтқан интернационалист жауынгерлерді еске алу күні. 1989 жылдың, 15 ақпанында кеңес әскерінің соңғы легі Ауғаныстаннан шықты. Кеңес Одағы 15 мың азаматынан айрылған 10 жылдық соғыс аяқталды.

Алғашқы әскери және техникалық дайындық педагогы Т.М. Егембердин «Интернационалист сарбаздар» тақырыбында сыныптан тыс әс дара өткізіп, колледж студенттері өлеңдер оқып, ән шырқап, Калашников автоматын жинаудан сайыс өткізіп, өз-өзін қорғау әдістерімен танысты. Жасөспірімдер Ауған соғысында қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, подполковник В.М. Затримайлов пен подполковник С. И. Веселковтан сол заманның шынайы бейнесі туралы ақпараттарға қанық болды.