Наурыз мерекесі күні Республика алаңында өткен «Наурыз - 2015» киіз үйлер байқауына облыстың 20-дан астам ірі кәсіпорындарының, қоғамдық ұйымдарының, ЖОО-лар мен колледждердің киіз үйлері қатысты. Олардың әрқайсысы Қазақ хандығының 550-жылдығы, Абайдың 170 жылдығы, Ата заң мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы тақырыбына арналып, көркемделді.

Арнайы байқау комиссиясының ұйғарымы бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың киіз үйі Гран-приге лайық деп танылды.