ЖОО негізінде оқуға түсушілерге

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Жоғары білімі бар тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

өтініш қабылдау 1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін

оқуға қабылдау 10 тамыздан бастап 25 тамызға дейін

Қажетті құжаттар:

  • Білімі туралы құжат (диплом мен оның қосымшасының түпнұсқасы және электрондық PDF форматындағы нұсқасы)
  • 3 x 4 көлемдегі электрондық фото;
  • 075-У нысанындағы медициналық анықтаманың түпнұсқасы және электрондық PDF форматындағы нұсқасы;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және электрондық PDF форматындағы нұсқасы

Үлгілік қабылдау ережелері негізінде 42-т. «Шет тіліндегі құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар 1 (бірінші) академиялық оқу кезеңі ішінде адамдарды қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді».


 

phone1 Анықтама үшін телефондар:

  • Қабылдау комиссиясы 510 - 885
  • Саll центр 70-20-10