Байытудың гравитациялық әдістері

Еркешева Меруерт Сарсенбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пайдалы қазбаларды гравитациялық байыту әдістерінің, шаюдың және гидравликалық сұрыптаудың теориялық негіздері зерттелуде. Гравитациялық және сұрыптаушы жабдықтарының конструкциялары, құрылғылардың параметрлері мен технологиялық режимдері сипатталған, оларды есептеу принциптері берілген. Гравитациялық байытуға материалдарды дайындау талаптары қарастырылған.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Минералды шикізатты байыту және өңдеу негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пайдалы қазбаларды байытудың гравитациялық әдістерінің теориялық негіздерін, осы әдістерге арналған жабдықтардың жұмыс істеу принциптерін, минералды шикізаттың әртүрлі түрлерін өңдеуде қолданылатын технологиялық сұлбаларды зерделеу
Міндет
  • Гравитациялық байытуға арналған сұлбалар мен жабдықтарды таңдау принциптерін, процесті технологиялық есептеу әдістемесін игеру, техникалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын игеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Гравитациялық процестің физика-химиялық ерекшеліктерін, гравитациялық байытудың әртүрлі әдістерін, кендердің әртүрлі түрлерінің технологиялық сұлбаларын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Байытудың технологиялық гравитациялық сұлбасын таңдай және негіздей білу, жабдықтың технологиялық есептеулерін орындай білу, арнайы техникалық және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Алынған білім негізінде минералды шикізатты өңдеу және байыту жөніндегі жұмыстарды тиімді және экологиялық қауіпсіз өндірудің негізгі технологиялық параметрлерін таңдау және есептеу мүмкіндігі
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Теориялық білімді тәжірибелік қызметте сауатты қолдана білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Барлық тапсырмалар мен емтиханды сәтті тапсыру