Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


ШҚМТУ ғылыми кітапханасы

elibrД.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми кітапханасы - Қазақстан Республикасы аумағындағы жоғары оқу орындарының техникалық бейіндегі ірі кітапханаларының бірі, оның қоры 1000000-нан артық дананы құрайды.

Кітапхана құрылымына 5 оқу залы, 1 абонементтер бөлімі және 7 бөлім кіреді. Студенттер, оқытушылар және ғылыми қызметкерлер қажетті оқу, ғылыми, көркемдік және анықтамалық әдебиетті кеңінен қолдану, рефераттар, курстық, дипломдық және ғылыми жұмыстар жазу кезінде білікті кеңес алу мүмкіндігіне ие. Бүгінгі күні кітапхананың компьютерлік паркінің құрамында 60 компьютер Интернет желісіне қосылған, мультимедиа қоры, жергілікті компьютерлік желі, сканерлер, принтерлер, видеодвойка, көшірме аппараттары бар. Пайдаланушылардың қолдануы үшін - толық мәтінді деректер базасы: «Заңгер», «ҚР патенттері», «SANA» бағдарламасы, "ZERDE-INFO" ақпараттық-іздестіру жүйесі және т.б. ұсынылған. Кітапханалық-библиографиялық үдерістер «Ирбис 64» автоматтандырылған кітапханалық бағдарлама негізінде жүзеге асырылады. Кітапхананың электронды каталогі университет сайтына шығарылған. Бұл қорда электронды каталогпен қатар алфавиттік, жүйелік каталогтар, жүйелік мақалалар картотекалары ашылады.

elibrary
rmeb
kazneb
ThomsonReuters
SpringerLink

elibr2 elibr3

Жоғары оқу орынның бейініне және пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес қорды озық түрде жиынтықтылау кітапхананың кафедралармен тығыз байланыста қызмет ету негізінде жатыр. Кітапхананың жыл сайынғы қоры 15 - 20 мың данаға артып келеді. Кітапхана қоры дәстүрлі емес ақпарат тасушылармен белсенді түрде толықтырылуда: бейне-фильмдер, аудиокассеталар, компакт-дискілер. XVIII - XIX ғасырлардың бірегей басылымдары бар.

elibr1

Кітапхана Қазақстан кітапханаларының Ақпараттық консорциумының, Жоғары оқу орындарының Кітапханалар қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Ғылыми кітапхана университет құрамында ИСО 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестілікке сапа менеджменті жүйесімен сертификатталды.

Ғылыми-библиографиялық бөлім кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын жүргізеді: электронды каталог (БД мақалалар); жалпы жүйелік мақалалар картотекасы; қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы», «Шығыс Қазақстан», «Университет ғалымдарының еңбектері» картотекалары. ИРИ және ДОР жүйесі бойынша ақпараттық қызмет көрсету жүргізілуде. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғалымдарының дербес сілтеуіштері басып шығарылады, жүйелі түрде ақпараттық бюллетендер - «Әдебиеттің жаңа түсімдері» және «Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де басып шығарылған ғылыми еңбектер және оқу-әдістемелік құралдар» сілтеуіші, қазақ және орыс тілдерінде жазылған әдебиеттің ақпараттық тізімдері мен сілтеуіштері шығарылады. Әдебиеттің жаңа түсімі туралы «Ақпарат аптасы», Кафедралар күні, оқырмандардың әр түрлі топтарымен семинарлар өткізіледі. Университеттің 1-ші курс студенттерімен жыл сайын библиографиялық сауаттылық негіздері бойынша сабақтар өткізіледі.

Кітапхана тәрбие үдерісіне жәрдемдесіп, үлкен жұмыс атқарады. Тақырыптамалық көрмелер, әдебиеттік шолулар, белгілі адамдармен кездесулер ұйымдастырылады.

Кітапханада 21 кітапханашы еңбектенеді, соның ішінде 97%-ның жоғары бьілімі бар. Кітапхана жұмыскерлері өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп тұрады: түрлі облыстық және республикалық семинарларға, тренингтерге, конференцияларға және кеңестерге қатысады. Бүгінде, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми кітапханасы - бұл сауатты мамандар ұжымы, олар қазіргі заманғы жағдайда жұмыс істеу дағдыларын меңгерген, сондай-ақ жеткілікті деңгейде зияткерлік әрі шығармашылық әлуетке және сомды ақпараттық негізге ие.