Университеттің стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес 2016 жылдың 5 сәуір күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Теориялық және қолданбалы экономика» кафедрасы «Жас кәсіпкер» атты кәсіпкерлік бойынша зерттеу пәндік олимпиадасын ұйымдастырып, өткізді. Олимпиадаға орта мектептер, гимназиялар, лицейлер, Өскемен қаласы колледждерінің 1-курс студенттері және жақын тұрғылықты жерлерден жиналған 25 команда қатысты. Сайыс қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.

Юный предприниматель Юный предприниматель Юный предприниматель

Бірінші орынды ММ «№39 орта мектебінен» және ММ «Оралхан Бөкей атындағы №44 қазақ орта мектеп-лицейінен» келген командалар иеленді. Екінші орынға: ММ «№24 орта мектебі» және ММ «Р.Марсеков атындағы орта мектеп» командалары ие болды. Үшінші орынды ММ «№11 мектеп-лицейі», ММ «№37 орта мектебі», ММ «№45 бейінді орта мектебі», ММ «№3 көпсалалы қазақ мектеп гимназиясы» командалары бөлісті.

Одан бөлек қазылар алқасының шешімі бойынша «Жас талантты кәсіпкер» номинациясы ММ «№26 орта мектебі», ШҚ техника-экономикалық колледжі, ММ «Ломоносов орта мектебі» (Мамай батыр а.) және ММ «№20 мектеп-гимназия» қатысушыларына берілді.

Пәндік олимпиалда жеңімпаздарына д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорынан бағалы сыйлықтар мен оқуға жеңілдіктер бөлінді.

Олимпиаданы ұйымдастыруға ат салысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!