2014 ж. 28 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (Алматы қ.) «Жоо үздік оқытушысы - 2013» атағы иелерін марапаттау рәсімі өтті. Дипломдар мен құрмет белгісін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Аслан Саринжипов тапсырды. Жоғарыда аталып өткен атақты «Инновациялық менеджмент» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Денисова Оксана Касымовна иеленді.