Құрметті әріптестер!

ШҚМТУ білім беру порталы арқылы (http://www.do.ektu.kz/8March/voitesWomen.aspx) 1 наурыздан сағат 12:00-ден бастап "Шығыс маржаны-2016" сайысы қатысушыларына дауыс беру үрдісі басталды. Дауыс беру электрондық модулі арқылы Сіздер сайыс қатысушыларының сауалнамаларымен танысып, келесі номинациялар арқылы өз дауыстарыңызды бере аласыздар:

  • «Әйел және кәсіптік мансап» 
  • «Ана жүрегінің жылуы»
  • «Өнерлі тұлға»
  • «Қайраткер тұлға»
  • «Шығыс маржаны».

Дауыс беру үрдісі 3 наурызда сағат 18.00-де аяқталады.

Сайыс нәтижелері 5 наурызда - Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада жарияланады.