2016 жылдың 3 қарашасында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да  ЖОО дейінгі дайындық, университетке қабылдау және бітірушілерді жұмысқа орналастыру басқармасы және Жер туралы ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен Риддер қаласының мектеп бітірушілерімен кездесу өтті. 

Іс-шара аясында  жер туралы ғылымдар факультетінің деканы, т.ғ.д. профессор Т.А Рыспаев 11- сынып оқушыларымен әңгіме өткізді,  бұл жерде мектеп бітіруші түлектер факультет мамандықтары, университеттің халықаралық серіктестері, студенттердің академиялық ұтқырлығы туралы және металлургия, геология және тау-кен ісі мамандарына қойылатын заманауи талаптар туралы білді. Университет зертханаларына жасалған экскурсия оқушылардың ерекше қызығушылығын оятты.

Кездесу барысында мектеп бітірушілер университетке түсу сұрақтарына, дайындық курстары және конкурстар мен олимпиадаларға қатысу тәртібі туралы өзекті ақпараттар алды.

Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан Риддер қаласының №5, №10 мектеп әкімшілігіне және сынып жетекшісі Крукович Елена Александровнаға алғыс білдіреміз.