Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Нұрлан Темірбеков кәсіптік бағдар мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Оған проректорлар, факультет декандары, департаменттер мен бөлімдер басшылары қатысты, Өскемен қаласы мектептерінің директорлары шақырылды.

Н.Темірбеков кәсіптік бағдар жұмысына жыл сайын зор көңіл бөлініп келе жатқанын атап өтті. Жауапты адамдар бұл бағытта көлемді жұмыс атқаруда, алайда түпкі нәтиже көңілге қонбайды. Осыған байланысты дәстүрлі шараларға талдау жасап, оларға өзгеріс енгізу керек, пікір алмасып, маңызды шаруаны атқарудың тиімді жолын табу қажет.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және университетке қабылдау бөлімінің бастығы Венера Манашева мен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Валентина Колпакова кәсіптік бағдар және үгіт жұмысының жүргізілгені және жоспарланған шаралар туралы айтып берді. О.Бөкей атындағы №44 орта мектеп-лицейінің директоры Таңатқан Түменбаев пен Қазақстан-Россия гимназиясының (№30 мектеп) директоры Дмитрий Журавлев бұл іс жөнінде өздерінің ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Кеңеске қатысушылар университет пен мектептердің осындай ой бөлісуі екі жаққа да пайдалы екенін айтты.