2016 жылдың 28 қазанында университет қабырғасында алғашқы рет Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығына орай «Армандап үйренейік» тақырыбында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректор кубогіне арналған қалалық жайдарман ойындары өтті. Ойын ұйымдастырушылары ШҚМТУ Студенттік-шығармашылық бөлімі және Республика деңгейінде оқу ордамыздың атын асқақтатып жүрген ШҚМТУ «Престиж» құрама командасы болып табылды.

Ойында Өскемен қаласының белгілі командалары: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Селтеткізер», медицина колледжінен «Ізбасарлар», политехникалық колледжінен «ПолиТех жастары», еркін құрама «Голд» және университет ішінде құрылған екі жылда өз көрермені бар «Серпін» командасы, биылғы жылы университет табалдырығын аттаған «Инженерлер», «Жау жүрек бес бала», «Элита», «Гор-Мет құрамасы», «Эксклюзив» атты жас командалар өнерлерін көрсетті.

Жайдарман ойынына әр команда жақсы дайындықпен келіп, көрермендердің ықыласына бөленді. Ойын қонақтары, Өскемен қаласының құрамасы ұтқыр әзілдермен керемет актерлік шеберліктерімен ерекше көңіл-күй сыйлады.

Ойын нәтижесі бойынша «Үздік ойыншы» номинацияның жеңімпазы атанған С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Селтеткізер» командасының ойыншысы Мамырбеков Ернар, «Үздік әзіл» номинациясы бойынша  политехникалық колледжінің «ПолиТех жастары» командасына бұйырды, ал «Серпін» командасы «Көрермендер көзайымы» номинациясына ие болды. Ойынның бас жүлдесі, ШҚМТУ ректор кубогі және қаржылай сыйлық өзінің әзілдерімен, ойнау шеберлігімен және тақырыпты ашқан жас команда «Гор-Мет құрамасына» бұйырды.

Жайдарман ойынына қолдау көрсеткен «Пицца-Блюз» кафелер мен ресторандар желісі, Өскемен қаласының жастар орталығы, «Юбилейный» кинотеатры және ШҚМТУ студенттік кәсіподақ ұйымы.

Демеушілерге алғысымыз шексіз!