Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Еліміздің басты ұлттық мерекесімен университет ұжымы мен студенттерді ШҚМТУ ректоры Нұрлан Темірбеков құттықтады.

- Бұл барлық қазақстандықтар үшін ең маңызды мейрам, ғасырлар бойы бостандықты аңсаған күллі халық үшін ұлы оқиға, - деді ол. -Тәуелсіздік алған қазақстандықтар демократиялық, құқықты және экономикалық жағынан тәуелсіз мемлекет құра алды. Біз еліміздің жетістіктері мен табыстарын заңды түрде мақтан етеміз.

Салтанатты оқиғаға арналған баяндаманы машина жасау және көлік факультетінің деканы Михаил Дудкин жасады.Ол егемендік жылдарында Қазақстан қол жеткізген жетістіктерге және университеттің өткен жылғы табыстарына тоқталды.

Мереке құрметіне ЖОО-ның бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің төс белгісімен,облыс, қала әкімдерінің, ШҚМТУ ректорының грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты шара мерекелік концертпен қорытындыланды.