Биыл Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың үш докторанты PҺD философия докторы ғылыми дәрежесін алу жолында докторлық диссертацияларын табысты қорғады.

2014 жылғы 14 қарашада Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ жанындағы диссертациялық кеңесте ШҚМТУ-дың Техникалық физика кафедрасының 2014 жылғы PҺD докторантурасының түлегі Ляйла Баятанова докторлық диссертациясын 6D072300 - Техникалық физика мамандығы бойынша қорғап шықты.

Осы жылғы 31 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде Техникалық физика кафедрасының докторантура түлегі Бауыржан Рахадилов 6D072300 мамандығы бойынша - техникалық физика PҺD докторы ғылыми атағы үшін диссертациясын сәтті қорғады.

Дәл осы күні кеңесте Шерзод Құрбанбеков аталмыш мамандық бойынша PҺD докторы ғылыми атағын алу үшін диссертациясын табысты қорғады.

PҺD докторанттарын докторлық диссертацияларын табысты қорғауымен құттықтаймыз!