Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз мейрамын тойлауға арналған салтанатты шара өтті. Университет ректоры Нұрлан Темірбеков аруларды мерекемен құттықтады. Ол отбасында бақ-береке, мейірімділік, көтеріңкі көңіл-күй, ЖОО-ның онан әрі өркендей беруі жолында тың идеялар тіледі.

Бірқатар оқытушылар мен қызметкерлер Өскемен қаласы әкімінің және ШҚМТУ ректорының алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.