Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын тойлау аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да осы күнді мерекелеу құрметіне бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Университеттің акт залында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерейтойына арналған ШҚМТУ ардагерлер ұйымының көркемөнерпаздар концерті өтті. Концертке тыл еңбеккерлері, университет ардагерлері, қазір де еңбек етіп жүрген ардагерлер қатысты. 

Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ акт залында университет ұжымы мен студенттерінің осы мейрамдарға арналған Салтанатты жиналысы өткізілді. Ардагерлерді, университет ұжымы мен студенттерін құттықтау сөзінде университет ректоры Нұрлан Темірбеков Шығыс Қазақстаннан 200 мыңнан артық адам Ұлы Отан соғысының ұрыс қимылдарына қатысқанын ерекше атап өтті. Олардың арасында, соғыс аяқталған соң 13 жылдан кейін ашылған, біздің университетіміздің болашақ оқытушылары мен қызметкерлері де бар еді. Ректор ардагерлерді шын көңілден мерекелерімен құттықтап, оларға мықты денсаулық тілеп, ұзақ жылдар бойы жігерлі болып, «қатардан қалмауға» лебізін білдірді.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасы 8 мамырда «Ұмытпаймыз! Бас иеміз! Мақтан етеміз!» акциясын өткізді. Акция шеңберінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің портреттерін алып, «Қазақстан» тауына шығу іс-шарасы өткізілді.