Чествовали юбиляраЖаңа оқу жылының бірінші Ғылыми кеңесінде 70 жылдық мүшелтойын атап өткен техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі Жеңіс Оразханұлы Құлсейітовке құрмет көрсетілді.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов құттықтау сөзінде ӨҚЖИ, ШҚТУ мен ШҚМТУ-дағы жарты ғасырлық ғылыми-педагогикалық қызметінде оқу процесін жетілдіруге, ғылыми ізденістерді дамытуға, инженер және ғылыми кадрлар әзірлеуге Ж.Құлсейітов қосқан зор үлесті атап көрсетті. Жеңіс Оразханұлына берілген марапаттардың үлкен тізімі - отандық ғылымды дамыту мен жас ғалымдар тәрбиелеуге жұмсалған күш-жігердің заңды бағасы.

Университет ұжымы атынан мүшелтой иесін құттықтаған ректор оған көп жылғы еңбегі үшін алғыс айтты.

Бұл күні әріптестері, шәкірттері, Жеңіс Оразханұлының достары шын жүректен құттықтап, тек жақсылық тіледі.

Чествовали юбиляра Чествовали юбиляра