Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Болашақ» халықаралық шәкіртақылық бағдарламасы жөнінде брифинг-семинар өтті.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ конкурстық процедураларды ұйымдастыру департаментінің директоры Ғайни Есембекова, «UK Higher Education International Unit» (Ұлыбритания) ұйымының өкілі Rachael Sara-Kennedy және «Ньютон-аль-Фараби» әріптестік бағдарламасы жөніндегі жоба менеджері Айтжамал Мансурова қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының жаңалықтары мен дамуы жөнінде айтты, халықаралық білім беру бағдарламасына түсудің ережелерімен таныстырды. Сондай-ақ семинарда Ұлыбритания мен Қазақстанның «Ньютон-аль-Фараби» үкіметаралық әріптестік бағдарламасы жөнінде ақпарат берілді.