11-ГМ-1 тобының студенттері өздерінің «Машина жасау және көлік»  факультеті жайлы КУ НИСЦ РО «Восток» дарынды балалар мектебінде презентация өткізді. Топ толығымен «Восток» мектебінде болып, біздің университет жайлы, соның ішінде факультет жайлы бейнематериалдар көрсетті.  Тау өнеркәсібінің болашақ инженерлері жоғары сынып оқушыларына мамандықтар жайлы, факультеттегі әр кафедраның қызметі жайлы толық баяндап берді.

Жоғары сынып оқушылары студенттерді асқан қызығушылықпен тыңдағандары қуантады. Студенттер оларға қызықты студенттік өмір жайлы, бос уақыттарын қалай өткізетіндіктері жайлы сұрақтар қойды. Студент-механиктер университет қабырғасында өткізілетін спорттық, мәдени шаралар жайлы қызықты әңгімеледі.

Қабылдау комиссиясының жауапты секретары Валентина Павловна Колпакова мектеп оқушыларын университетке түсу ережелерімен, ҰБТ өткізу ерекшеліктерімен таныстырды.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университеті дайындық курстары бөлімінің меңгерушісі өз бөлімінің қызметі жайлы айтып берді. Жарты сағатқа есептелген шара екі сағатқа созылды. Әрине, студенттер мектеп оқушыларымен кездесу алдында толқыды, презентация сценарийін түбегейлі қарастырды, тіпті режиссерлік топ та құрған екен.

Осы секілді шаралар, кәсіптік бағдар жұмысында студенттердің өзі белсенді қатысқан жағдайда, тиімді түпкі нәтиже көрсетеді  деп ойлаймын.

11-ГМ-1 тобы студенттеріне өмірлік белсенді ұстанымдары үшін үлкен алғыс білдіреміз және әр істеріне сәттілік тілейміз!

МЖжКФ дек. ТІ бой. орынб. Гульзада Асавбаева

«ЖП» каф. меңг.Гульнар Муслиманова

«ЖП»каф. доценті Шайза Аманжолова