Мисс ВКГТУ - 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласына бақылау жөніндегі комитетінің шешімімен экономика ғылымдарының кандидаты ШҚМТУ-дың «Финанс, есеп және салық салу» кафедрасының меңгерушісі Эльвира Мадияроваға қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

Эльвира Мадиярова ШҚМТУ-да 2000 жылдан істейді. Бұл оның ғылыми - педагогикалық қызметіндегі алғашқы табысы емес. Ол көптеген гранттардың, сертификаттардың иесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының (Қазақстан) мүше - корреспонденті. 2015 жылы "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын алған.