Құрметті «Серпін-2050» жобасы бойынша оқитын студенттер! Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті жатақханалар туралы негізгі ақпаратты ұсынады.

  • «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттер толықтай жатақханамен қамтамасыз етіледі.
  • Әр студент толықтай төсек-орынымен қамтамасыз етіледі.
  • Жатақхана бөлмелері 2 және 3 орынды.
  • Әр қабатта тамақ пісіруге арналған бөлмелер қарастырылған. Бұл бөлмелер электр пештерімен және ыдыс-аяқ жуатын орындармен жабдықталған.
  • Арнайы жуынатын бөлмелер қарастырылған.
  • Жатақхананың бірінші қабатында 20 компьютерлермен жабдықталған компьютерлі класс және үлкен телевизор орнатылған акт залы.
  • Жатақхананың ішінде сіздер үшін буфет жұмыс істеп тұрады.
  • Жатақхана спорт-бөлмемен жабдықталған.
  • Жатақхана артық заттарды сақтауға арналған сақтау камерасымен жабдықталған.
  • Жатақхана тәулік бойы күзетіледі.

Құрметті студенттер! Университет қызметкерлері сізді Өскемен қаласына келгенде қарсы алу үшін келесі электронды форманы толтыруыңызды сұраймыз немесе serpin@ektu.kz поштасына келесі мағлұматтарды жіберуіңізді сұраймыз:

1. Толық аты-жөніңіз

2. Мамандық

3. Көлік түрі (поезд, ұшақ, автобус, автокөлік)

4. Келу күні және уақыты

5. Байланыс телефоны

6. Ата-аналарымен бірге келетін жағдайда, бізді ескертуіңізді сұраймыз.

Соңғы өзгерістер күні:
01.07.2017