Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Мектеп және колледждардын өткен жылдар түлектері ушiн кешенді тестілеу

Кешенді тестілеу күндізгі және сырттай оқу түріне түсетін өткен жылдар түлектері, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының (техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі) түлектері; жалпы білім беретін мектептердің түлектері; оқушыларды шетелде оқытудың халықаралық алмасу желісі бойынша оқып, ҰБТ-ге қатыспағандар; өзбек, ұйғыр, тәжік тілінде оқыған, жалпы білім беретін мектептердің түлектері; республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың түлектері; сондай-ақ шетелдегі оқу орнын бітірген азаматтар үшін өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж және техникум) тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Өтініштерін қабылдау - 20 маусымнан бастап 9 шілдеге дейін

Кешенді тестілеу - 17 шілдеден бастап 23 шілдеге дейін

Кешенді тестілеу азаматтардың тілегі бойынша қазақ немесе орыс тілінде орта білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 4 пән бойынша өткізіледі:

Міндетті пәндер - математика, мемлекеттік тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі), қазақстан тарихы.

4-ші пән - таңдауы бойынша (география, физика, биология, химия, дүниежүзілік тарих, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті)

Әрбір пән бойынша тестілік тапсырмалардың саны - 25.
Тестілік тапсырмалардың барлығы - 100.
Тестілеу уақыты - 2 сағат 30 минут.

Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін құжаттар тізімі өткен жылдар мектеп, колледж (техникум) түлектеріне:

  • Белгіленген үлгідегі бланкке жазылған өтініш
  • Білім туралы құжат (түпнұсқасы), (аттестат немесе диплом қосымшасымен бірге)
  • 3х4 көлемді 6 фотосурет
  • Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі
  • 086-у үлгісіндегі медициналық анықтама
  • Кешенді тестілеуге қатысу үшін алынған төлемақы туралы түбіртек 
  • Қабылдау комиссиясының қызметтері үшін алынған төлемақы туралы түбіртек (ШҚМТУ банкіне төлеу)
  • Файл

 

Тестілеу пәні және тестілеудің бейіндік пәні көрсетілген ШҚМТУ мамандықтарының тізбесі және бакалавриат мамандықтары бойынша дайындау түрі мен мерзімі

Инженерия факультетіне
Шифрі Мамандықтың атауы Таңдауы бойынша тестіленетін пән Бейіндік пән мектеп, лицей, училище негізінде оқу мерзімі, күндізгі колледж негізінде оқу мерзімі
күндізгі сырттай
5В012000 Кәсіптік білім  Физика Математика 4 3 3
5В042000 Сәулет өнері таңдауы бойынша және 2 шығармашылық емтихан  (сурет, сызу) 1-ші шығармашылық емтихан (сурет) 5 4 -
5В042100 Дизайн таңдауы бойынша және 2 шығармашылық емтихан (сурет, сызу) 1-ші шығармашылық емтихан (сурет) 5 4 -
5В071200 Машинажасау Физика Математика 4 3 3
5В071300 Көлік, көліктік техника және технология Физика Математика 4 3 3
5В072400 Технологиялық машиналар мен жабдықтар Физика Физика 4 3 3
5В072900 Құрылыс Физика Математика 4 3 3
5В073000 Құрылыстық материалдар, бұйымдар мен құрылымдар өндірісі Физика Математика 4 3 3
5В073200 Стандарттау, метрология және сертификаттау Физика Математика 4 3 3
5В074500 Көлік құрылысы Физика Математика 4 3 3
5В080500 Су ресурстары және суды пайдалану Физика Математика 4 3 3
5В080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы География География 4 3 3
5В090100 Тасымалдауды, жүрісті ұйымдастыру және көлікті пайдалану Физика Математика 4 3 3

 

Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетіне
Шифрі Мамандықтың атауы Таңдауы бойынша тестіленетін пән Бейіндік пән мектеп, лицей, училище негізінде оқу мерзімі, күндізгі колледж негізінде оқу мерзімі
күндізгі сырттай
5В050600 Экономика География Математика 4 3 3
5В050700 Менеджмент География Математика 4 3 3
5В050800 Есеп және аудит География Математика 4 3 3
5В050900 Қаржы География Математика 4 3 3
5В051100 Маркетинг География Математика 4 3 3
5В070200 Автоматтандыру және басқару Физика Математика 4 3 3
5В070300 Ақпараттық жүйелер Физика Математика 4 3 3
5В070400 Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету Физика Математика 4 3 3
5В070500 Математикалық және компьютерлік үлгілеу Физика Математика 4 3 3
5В071600 Аспаптар жасау Физика Математика 4 3 3
5В071700 Жылу энергетикасы Физика Математика 4 3 3
5В071800 Электр энергетикасы Физика Математика 4 3 3
5В071900 Радиотехника, электроника және телекомуникация Физика Математика 4 3 3
5В072300 Техникалық физика Физика Физика 4 3 3

 

Жер туралы ғылымдар факультетіне
Шифрі Мамандықтың атауы Таңдауы бойынша тестіленетін пән Бейіндік пән   мектеп, лицей, училище негізінде оқу мерзімі, күндізгі колледж негізінде оқу мерзімі
күндізгі сырттай
5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау Физика Математика 4 3 3
5В070700 Кен ісі Физика Математика 4 3 3
5В070900 Металлургия Физика Математика 4 3 3
5В071100 Геодезия және картография География Математика 4 3 3
5В073100 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау Физика Математика 4 3 3
5В073700 Пайдалы қазбаларды байыту Химия Химия 4 3 3
5В090300 Жерге орналастыру География Математика 4 3 3
5В090700 Кадастр География География 4 3 3

 

Грантқа ие болу конкурсына қатысу өтініштерін қабылдау 23 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін.

Грантқа ие болу конкурсына қатысудың құжаттар тізбесі ( ҰБТ және КТ өткендер үшін):

  • Белгіленген үлгідегі бланкке жазылған өтініш
  • Білім туралы құжат (түпнұсқасы), (аттестат немесе диплом қосымшасымен бірге)
  • ҰБТ немесе КТ нәтижелері көрсетілген сертификат 
  • 3х4 көлемді 6 фотосурет
  • Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі
  • 086-у үлгісіндегі медициналық анықтама
  • Екпе картасының көшірмесі (күндізгі оқу түрі үшін)
  • Жеңілдікті растайтын құжат көшірмесі (жетімдер мен мүгедектер үшін)
  • Әскери куәліктің көшірмесі (күндізгі оқу түрі үшін)
  • Қабылдау комиссиясының қызметтері үшін алынған төлемақы туралы түбіртек 
  • Файл

Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысудың үшін қажет: ең төмен балл деңгейі - 100-ден 50 балл (төрт пән бойынша), бейіндік пән бойынша 7 балдан төмен емес, ал қалған пәндер бойынша 4 балдан аз емес мөлшерде.

Кешенді тестілеу шеңберінде тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді.

Конкурс 1 тамыздан бастап 10 тамызға дейін өтеді.

Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша ақылы негізде күндізгі және сырттай оқу түріне түсу үшін қажет: Ең төмен балл деңгейі - 100-ден 50 балл (төрт пән бойынша), бейіндік пән бойынша 7 балдан төмен емес, ал қалған пәндер бойынша 4 балдан аз емес мөлшерде.

ТКТ тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді.

Студенттер қатарына қабылдау 10 тамыздан бастап 25 тамызға дейін

Грантқа және ақылы негізде қабылдау үшін қажет құжаттар тізбесі ҰБТ және КТ өткендер үшін күндізгі және сырттай оқу түріне:

  • Белгіленген үлгідегі бланкке жазылған өтініш
  • ҰБТ немесе КТ нәтижелері көрсетілген сертификат
  • Грантқа ие болу куәлігі
  • Білім туралы құжат (түпнұсқасы), (аттестат немесе диплом қосымшасымен бірге)
  • Нострификацияға өтініш (шетел дипломдары бар адамдарға
  • Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі
  • Оқуға төленген түбіртектің көшірмесі (ақылы түрде оқитындар үшін) 
  • 3х4 көлемді 6 фотосурет
  • 086-у үлгісіндегі медициналық анықтама
  • Екпе картасының көшірмесі (күндізгі оқу түрі үшін)
  • Жеңілдікті растайтын құжат көшірмесі (жетімдер мен мүгедектер үшін)
  • Әскери куәліктің көшірмесі (күндізгі оқу түрі үшін)
  • Қабылдау комиссиясының қызметтері үшін алынған төлемақы туралы түбіртек 
  • Файл

Анықтама үшін телефон:

  • Инженерия факультетіне - 54 03 52
  • Жер туралы ғылымдар факультетіне - 54 07 35
  • Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетіне - 54 06 68
  • Қабылдау комиссиясы - 54 03 54, 54 13 09