ҰБТ өткізу уақыты 1 маусымнан бастап 10 маусымға дейін.

ҰБТ бес пән бойынша жүргізіледі.

Міндетті пәндер:

  • Математика.
  • Қазақстан тарихы.
  • Қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі).
  • Қазақ тілі – орыс мектептері үшін Орыс тілі – қазақ мектептері үшін.
  • Бесінші пән – таңдау бойынша (физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, әдебиет (қаз., орыс), шетел тілі).

Әр пән бойынша тестілік тапсырмалар саны 25 сұрақты құрайды. Барлығы 125 тестілік тапсырма.

ҰБТ 3,5 астрономиялық сағат беріледі(210 минут).

ҰБТ келген талапкер жеке бас куәлігі (паспорт) мен емтиханға кіру рұқсат қағазын көрсетуі тиіс.

ҰБТ ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықтан

 

Талапкердің дәрісханада тәртіп сақтау ережесі

  • Талапкер отыру парағындағы нөмірге қатаң түрде сәйкес келетін орынға ие болу керек. Талапкер отыру парағына қол қою арқылы тиісті орынға отырғанын растайды.

  •  Тестілеу үзіліссіз үш сағат (180 минут) бойы өткізіледі. Алғашқы және соңғы сағаттарда дәрісханадан шығуға тыйым салынады, қалған уақытта ғана кезекшімен бірге дәрісханадан шығуға болады.

 

Қатаң түрде тыйым салынады:

  • бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға;

  • емтихандық материалды рұқсатсыз ашуға;

  • емтихандық материалды басқа талапкермен ауыстыруға;

  • бірі-бірімен сөйлесуге, басқа талапкерден көшіруге;

  • анықтамалық әдебиетті қолодануға (Менделеев таблицасы мен тұздардың ерігіштігі таблицасынан басқа);

  • жазба кітапшасын, калькуляторды, ұялы телефонды қолдануға.

Талапкерден шпаргалка, ұялы телефон немесе калькулятор табылған жағдайда, дәрісхананың кезекшісі ҚР БҒМ өкілдерін мәліметтейді.  ҚР БҒМ өкілі Мемлекеттік комиссияның төрағсымен және ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, табылған заттың алынуы туралы кесім жасайды. Мемлекеттік комиссия хаттамасымен талапкерді тестілеуден шығару және нәтижелерінің күшін жою туралы шешім қабылданады. Тестілеуден шығарылған талапкердің жауаптар парағы сканерленбейді.

Тестілеу нәтижелері талапкердің жауаптар парағын өңдеген кезде ғана алынады, жауаптар парағы бір данада беріліп, ауыстыруға жатпайтынын талапкер білуі керек.  Жауаптар парағын дұрыс толтырмау жауапкершілігі талапкерге жүктеледі.

Емтихан аяқталған соң, талапкер жауаптар парағының көшірмесіне жазып алған өз жауаптарын салыстыра алады. Жауаптар парағы көшірмесінің заңды күші жоқ.

 

Апелляция

Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер кешенді тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, тестілеуге жіберу рұқсаттамасы болуы керек.

Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді.

Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

ҰБТ нәтижелері бойынша бітіруші аттестат пен сертификат алады.

ҰБТ тестілеу нәтижелері бойынша білім беру гранттарын алу конкурсына қатысу үшін: ең төменгі балл деңгейі – 100-ден 50 балл (төрт пән бойынша), бейінді пән бойынша 7 баллдан кем емс, қалғандарынан 4 баллдан кем емес болуы қажет.

Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі нәтижелері, қазақ мектептеріне арналған орыс тілі нәтижелері жоғары оқу орнына түсу нәтижелеріне әсер етпейді.

Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурста  ҰБТ төрт пәні (математика, ана тілі (оқыту тілі) Қазақстан тарихы және таңдау пәні) бойынша жиналған балл есептеледі.

ҰБТ тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді.

ҰБТ нәтижелері бойынша ақылы негізде күндізгі және сырттай оқу түріне оқуға түсу үшін: ең төменгі балл деңгейі – 100-ден 50 балл (төрт пән бойынша), бейінді пән бойынша 7 баллдан кем емес (шығармашылық емтиханнан 10 балладн кем емес), қалғандарынан 4 баллдан кем емес болуы қажет.