15-16 мамыр аралығында Алматы қаласында Алматы технологиялық университеті базасында, Қазақстандағы АСКОН ресейлік компаниясының өкілдері ұйымдастырған Геометриялық модельдеу және КОМПАС-3D жүйесінде жобалау бойынша VII Қазақстандық олимпиада өтті. КОМПАС-3D бойынша үздік атағы үшін күресуге Алматы, Кокшетау, Шымкент, Өскемен және Талдықорған қалаларынан студенттер келді. Біздің университеттің намысын осы олимпиада барысында «Жалпыинженерлік пәндер» кафедрасының оқытушылары Л.В.Каменских, Г.Н.Мошнинованың басшылығымен, машинажасау және көлік факультетінің 10-ТМ-1 тобының студенті Л.С. Миргородский қорғады. Лев базалық білімдерін «Машиналық графика» (оқытушысы п.ғ.к. доц. Л.Я.Мелкозёрова) пәнін оқу арқылы қалыптастырғанын атап өткен жөн.

Жеңімпаздар екі номинация бойынша анықталды: «Үшөлшемді модельдеу. Машинажасау» және «Үшөлшемді модельдеу. Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс».

Машинажасау студенттеріне бірінші этапта «Корпус устройства подачи смазки» тетікбөлшегінің 3D-моделін салу және оның ассоциативті сызбасын сызу ұсынылды.  Содан кейін, осы құрылғыны үшөлшемді құрастыру, құрастыру компоненттерінің міндетті таратылуын, спецификацияны ала отырып орындау қажет болды.

Машинажасау номинациясы бойынша жеңісті  Александр Грановский (Алматы Технологиялық Университеті) иеленді. Күміс жүлдені Рамиль Тазитдинов (Алматы Технологиялық Университеті) иеленді. Машинажасау қола жүлдесін: Лев Миргородский (Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университеті) және Санжар Халимжанов (Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университеті) өзара бөлісті.

«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» номинациясында болашақ инженер-жобалаушыларға бояу цехының 3D-моделін салу ұсынылды, ол үшін алдымен сызбалар бойынша оның жекелеген элементтерін – іргетас, колонна, ферманы салып алу, кейіннен тұтас цехты жинап, оның құрамына технологиялық қондырғылар модельдерін қосу ұсынылды. Өкінішке орай, бұл номинация бойынша студенттерімізді, емтихан сессиясының басталуына байланысты жібере алмадық. Келесіде міндетті түрде қатысамыз деп үміттенеміз.

Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Біздің университетке, Ректор Темирбеков Нурлан Муханович атына алғыс хат жіберілді.

Біз шын жүректен жеңімпазымызды құттықтаймыз, осы бағдарламаны игеру барысында табыстар тілейміз! Іске сәт!

МЖжКФ деканы Михаил Дудкин

«ЖП» каф. меңг.Гульнар Муслиманова

«ЖП» каф. доценті Галина Мошнинова