Оқытушының портфолиосы

 

Кері қайту
Сагынбаева Айнұр Бағдатқызы Кафедра: Жер туралы ғылымдар мектебі
Ғылыми дәреже:
PhD докторы
Ғылыми атақ:
жоқ
Лауазымы:
Аға оқытушы
Байланыс E-Mail ainur_bagdatova@mail.ru Жұмыс телефоны
Білім
Жоғары білімді, философия докторы (PhD).
2012–2016 жылдар Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 5B080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры дәрежесін иеленген.
2017–2018 жылдары Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде 6М060700 – «Биология» мамандығы бойынша білім алып, жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.
2021–2024 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 8D08302 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған.
2025 жылы «Қазақстандағы қарағайлы ормандардың жай-күйі мен динамикасының өзгерістерін зерттеуде ГАЖ технологияларын және аэроғарыштық әдістерді қолдану («Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мысалында)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғаған.
Жұмыс өтіл мен тәжірибесі
Педагогикалық жұмыс өтілі – 8 жыл.
2017–2021 жылдары Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде аға оқытушы қызметін атқарған.
2021–2024 жылдар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 8D08302 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша докторантура.
Өндірістік жұмыс өтілі – 5 жыл.
2021–2026 жылдары «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» КММ-де орман патолог инженері қызметін атқарған.
2026 жылдан бастап «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық» университетінің, Жер туралы ғылымдар мектебінде аға оқытушы.
Халықаралық тәжірибе
2023 жылы Ресей Федерациясының Тюмень қаласындағы Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетінде тағылымдамадан өткен.
Халықаралық ғылыми конференциялар мен ғылыми-зерттеу іс-шараларына қатысқан, оның ішінде:
2022 жылы Брюссель қаласында өткен «Ғылымдағы прогресс» I Халықаралық ғылыми конференциясына, 2022 жылы Петрозаводск қаласында өткен;
«Жас ғалым» III Халықаралық ғылыми-зерттеу байқауына қатысып, I орын иеленген.
2024 жылы Манчестер қаласында өткен «Қазіргі заманғы ғылым: өзекті мәселелер» X Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқан.
- 2025 жылы IWMI – Халықаралық су ресурстарын басқару институты және БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымдастырған семинарда «Су бассейндерін басқаруда орман жамылғысын жақсарту» тақырыбында ғылыми баяндама жасаған.
Бәсекелік артықшылықтары
Орман шаруашылығы саласындағы ғылыми, педагогикалық және өндірістік тәжірибені ұштастыра білуі.
Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің болуы.
ГАЖ технологияларын, ArcGIS бағдарламасын, қашықтықтан зондтау және аэроғарыштық зерттеу әдістерін ғылыми және практикалық қызметте қолдану тәжірибесі.
20-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған ғылыми басылымдарда және Scopus деректер базасына кіретін журналдарда жарияланған мақалалары бар.
Халықаралық ғылыми конференцияларға, тағылымдамаларға және ғылыми іс-шараларға қатысу тәжірибесі бар. Орман патолог инженері ретінде өндірістік тәжірибеге ие.
Ағылшын тілін меңгеру деңгейі халықаралық TOEFL ITP сертификатымен расталған.

Біліктілікті арттыру
Басталу күні Аяқталу күні Көлемi Түрi Ел Қала Мекеме түрі Өткен мекемесі Тақырыбы
17.10.2023 20.10.2023 16 часов Тренингтер Қазақстан Астана ВУЗа Республики Казахстан Esri ArcGIS бағдарламасын пайдалана отырып, ГАЖ-ге кіріспе
01.05.2023 15.05.2023 56 часов Тренингтер РФ Тюмень Зарубежного ВУЗа Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университеті ГАЖ технологияларын пайдалану және аэрофототусірілімдер әдісі
01.05.2023 15.05.2023 56 Курстар РФ Тюмень Зарубежного ВУЗа Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университеті. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты Қарағайлы ормандардың жағдайы мен динамикасын зерттеуде ГАЖ технологияларын және аэроғарыштық әдістерді пайдалану