Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Оқытушының портфолиосы

 

Кері қайту
Брим Татьяна Фёдоровна Кафедра: ИФ деканаты
Ғылыми дәреже:
техника ғылымдарының кандидаты
Ғылыми атақ:
жоқ
Лауазымы:
Деканның оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары
Байланыс E-Mail tbrim@mail.ru Жұмыс телефоны 8 7232 540-940 Ұялы телефоны 8 771 3024245
Білім
Білімі – жоғары.
1990-1995 ж.ж. «Көтеріп-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары» мамандығы бойынша Өскемен құрылыс жол иститутын бітірген, инженер-механик біліктілігі берілді.
1998-2000 ж.ж. - «Көтеріп-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары» мамандығы бойынша ШҚМТУдың магистратурасын бітіріп, ғылым магистрі академиялық дәрежесін алды.
2005-2007 ж.ж. 01.02.06 – Динамика, машиналар, аспаптар және аппаратуралар беріктігі мамандығы бойынша аспирантурада оқыды.
2009 ж. «Радиалды эластомерлі эллипстік қималы нығыздағыш сақиналарды беріктік пен қатаңдыққа алғашқы керілісті ескере есептеудің нақтыланған әдісі» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады, техникалық ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
Жұмыс өтіл мен тәжірибесі
Жалпы жұмыс өтілі 25 жыл, соның ішінде 20 жыл – жоғарғы оқу орнында, ғылыми-педагогикалық.
1997 жылдан бастап ЖОО-да асистент, оқытушы, аға оқытушы қызметінде істеді. «Теориялық механика», «Механизмдер мен машиналар теориясы», «Машина бөлшектері және құрастыру негіздері» пәндерінен дәрістік, практикалық, тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Кафедрада куратордың міндеттерін орындау, кәсіптік бағдар жұмыстарға жауапты.
Баспа жұмыстарының тізбесінде 1 монография, ғылыми журнал мен конференцияның материалдарында 30 аса жарияланған мақалалар және нығыздағыш техникасының аясында алынған өнертабыс патенті егізілген.
Нығыздағыш техникасының аясында фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулерінде белсенді қатысуда, жұмыстың маңызды бөлігі гидравликалық жүйедегі нығыздағыш құралымның герметизациясының тиімділігінің мәселесіне арналған.
Деканның орынбасарының лауазымында 2010 жылдың қарашасынан жұмыс істейді.
Халықаралық тәжірибе
2015ж. қыркүйек- (Польша, Вроцлав қаласында) Вроцлав Политехникалык университетінде стажировка (Wroclaw University of Technology)
Бәсекелік артықшылықтары
Біліктілікті жоғарылату курстары:
- 2010ж. желтоқсанда «Болон процесінің негізгі қағидаларын іске асыру және Қазақстанның ЖОО-на ECTS жүйелерін енгізу».
- 2012ж. наурызда «Жоғары мектептің менеджменті»,
- 2012ж. мамырда «Оқытушының кәсіби қызметінде CORELDRAW түріндегі графикалық редакторларды қолдану»,
- 2013ж. мамырда «Macromedia Flash бағдарламасын қолдану арқылы компъютерлік анимация»,
- 2014ж. қаңтарда «ЖОО кәсіби қызметтегі оқытушыға қашықтық білім технологиялары»,
- 2016ж. қаңтарда «Инфографика, ақпараттық дизайн және көзкөрімді деректер»,
- 2016ж. мамырда «Сызықты емес құрылымды интерактивті мультимедиялық таныстыру рәсімін құру»
Семинар-тренингтер:
- 2014ж. желтоқсанда «Project Management»,
- 2015ж. қазанда «Ұйымдастыру диагностикасы және кадрлық скрининг».