Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Оқытушының портфолиосы

 

Кері қайту
Дьячков Борис Александрович Кафедра: Геология және кен ісі
Ғылыми дәреже:
геология-минералогия ғылымдарының докторы
Ғылыми атақ:
ЖАК профессоры
Лауазымы:
Профессор
Байланыс E-Mail bdyachkov@mail.ru Жұмыс телефоны 8(7232)540-919 Ұялы телефоны сот. 8-777-152-18-42
Білім
1958 ж. - Ростов-на-Дону Мемлекеттік университетті оқып бітірді, біліктілігі - инженер-геолог-барлаушы.
1969 ж. - кандидаттық диссертацияны қорғап шықты. Мамандығы "Металлогения".
1987 ж. – докторлық диссертацияны қорғап шықты. Мамандығы "Геология, қатты пайдалы қазбаларды іздеу және барлау, металлогения".
Жұмыс өтіл мен тәжірибесі
1958-1977 жж. - Шығыс-Қазақстан геологиялық басқару жүйесінде жұмыс істеді (Өскемен қаласы), ШҚМУ геологиялық бөлімінің аға геологы және Өскемен геология-барлау экспедициясының басты геологы болып қызмет атқарды, 1:50000 масштабты геология-түсірілім жұмыстармен, Шығыс Қазақстан алтынкенді және сирек металлды іздеу және бағалаумен айналысты.
1977 ж. – конкурс бойынша геологиялық ғылымдар институтына Алтай бөліміне жұмысқа ауысып кетті. Үлкен Алтайдың металлогениямен геология бойынша ірі жобалардың ғылыми жетекшісі болды.
1992 ж. - қазіргі уақытқа дейін – бұрынғы ҚЖИ, қазіргі Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ жұмыс істейді. "Геология және ПҚК барлау" мамандығы бойынша бакалаврларды, магистранттарды және докторанттарды даярлаумен айналысады. ҚР БҒМ мемлекетті қаржыландырылған тақырыптардың жетекшісі болып келеді.
1994 ж. - "Геология және минералогия" ЖАК профессоры болып сайланды.
1996 ж.- Ғылымдардың Ұлттық Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
1996 ж. – ҚР Минералдық ресурстар Академиясының Академигі болып сайланды.
2003 ж. – ҚР Ұлттық ғылымдар Академиясының Академигі болып сайланды.
2010 ж. – Ресей Табиғи ғылымдар Академиясының Ұлттық мүшесі болып сайланды.
Халықаралық тәжірибе
Халықаралық конгресстерде, кеңестерде, конференцияларда белсенді қатысты. Соның қатарында:
ХГК-32 – Италиядағы Халықаралық геологиялық Конгресс, ХГК-33 – Норвегиядағы Халықаралық геологиялық Конгресс, ХГК-34 – Австралиядағы Халықаралық геологиялық Конгресс . Және де Франция, Канада, Мәскеу, Санкт-Петербург ,Новосибирск, Ташкент, Перм деген қалалардағы халықаралық конференцияларға қатысты.
Бәсекелік артықшылықтары
Аумақтық геология, кенді кенорындар геология, металлогения және пайдалы қазбалар кенорындарды болжау сұрақтары бойынша ғылыми жетістіктер үшін ғылымдар Ұлттық Академиясының Академигі, кейін минералдық ресурстар Академигі және Ресей Табиғи ғылымдар Академиясының Шетел мүшесі болып сайланды.
Қазіргі кезде "Кенді кенорындар генезисі бойынша Халықаралық ассоциация" Қазақстандық геологтар тобының жетекшісі болып келеді (Ұлыбритания).
420-дан астам ғылыми жұмыстары жарық көрді, соның ішінде 2 өздік монография және 12 монография бірлескен авторлық