Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Оқытушының портфолиосы

 

Кері қайту
Абдулина Сауле Амангельдыевна Кафедра:
Ғылыми дәреже:
PhD докторы
Ғылыми атақ:
жоқ
Лауазымы:
Доцент
Байланыс E-Mail abdulina.saule@mail.ru Жұмыс телефоны 54-09-11 Ұялы телефоны
Білім
2000 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Композиттік және ұнтақты материалдар, жабындар» мамандығы бойынша бітірді.
2000 жылдан 2002 жылға дейін «Металлургия» мамандығы бойынша магистратурада оқыды.
2011 жылдан 2014 жылға дейін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ PhD-докторантурасында мемлекеттік білім беру гранты бойынша 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша оқып, 2015 жылы «Технологиялық газдарды тазарту үшін Қазақстанның табиғи сорбенттері негізінде катализаторлар алу технологиясын құрастыру бойынша зерттеулер» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмысты қорғады.
Жұмыс өтіл мен тәжірибесі
2002 жылдан «Химия, металлургия және байыту» кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы қызметінде жұмыс істеді.
Кафедра отырыстарының хатшысы, кафедра студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін және студенттердің дипломдық жобаларын (жұмыстарын) плагиатқа тексеру үшін жауапты болып табылады.
15-МТ-1, 15-ОП-1, 15-МТТ-1 топтарының кураторы.
Халықаралық тәжірибе
Личное участие в международной конференции International Symposium for Research Scholars on Metallurgy, Materials Science & Engineering, Indian Institute of Technology Madras (Chennai, India, December, 2012г.).
Зарубежная научная стажировка в Akita University (Akita, JAPAN). Участие в Akita University Leading Program 2013 Workshop "Latest movement on resource development technology and сhallenging next-generation mining development" и Hachinohe and Hachimantai Field Trips in Тohoku area.
Зарубежная научная стажировка в TU Clausthal, Германия (г. Клаусталь). Участие в конференции Berliner Recycling- und Rohstoffkonferenz.
Бәсекелік артықшылықтары
Ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері – барлығы 40 жарияланымнан құралады, оның ішінде: 3 мақала Scopus мәліметтер базасына кіретін журналдарда, соның ішінде 1 мақаланың импакт-факторы 1,934, 3 жарияланым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда; 7 жарияланым жеке қатысумен қиыр шет ел халықаралық конференцияларының материалдарында (Үндістан, Жапония, Чехия, Малайзия, Мексика, Ресей); 6 жарияланым Қазақстан Республикасының халықаралық конференцияларының материалдарында, 3 жарияланым республикалық конференцияларының материалдарында, 1 патент.
Пәндер: «Металтану», «Күйежентектеу физикасы және технологиясы», «Металлургиялық үрдістер технологиясы», «Сирек және радиоактивті металдардың химиясы және технологиясы», «Бериллий, тантал және ниобий технологиясы», курстық жобалар мен дипломдық жұмыстар және жобалардың жетекшісі болып табылады.