1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетінің, «Қолданбалы математика» мамандығын бітірді.
1986-1989жж. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-нің күндізгі аспирантурасында «Есептеуіш математика» мамандығы бойынша оқыды. 1990 жылы Физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденіп, 05.13.16 – ғылыми зерттеулерде есептеу техникасын, математикалық үлгілеуді және математикалық әдістерді қолдану мамандығы бойынша диссертация қорғады. Диссертация тақырыбы «Сұйықтықтың кеуекті орта арқылы ағуын санды түрде үлгілеу».
1996-1999жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің күндізгі докторантурасында оқыды.
1982-1984жж. Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтының материалдар кедергісі және механика кафедрасының, жоғары математика кафедрасыныңассистенті(Семей қ.);
1984-2002жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің стажер-зерттеушісі, аспиранты, ассистенті, аға оқытушысы, доценті, докторанты, механика-математика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары (Алматы қ.);
2002 жылдың қаңтар айынан бастап қараша айына дейін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры (Өскемен қ.);
2002 жылдың қараша айынан бастап 2006 жыл маусым айына дейін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және жаңа технологиялар, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры (Өскемен қ.);
2006 жылдың қазан айынан бастап 2008 жыл маусым айына дейін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры (Өскемен қ.);
2008 жылдың маусым айынан бастап 2008 жыл желтоқсан айына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультетінің деканы;
2008 жылдың желтоқсан айынан бастап 2010 жыл қараша айына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры;
2010 жылдың қараша айынан бастап 2015 жыл мамыр айына дейін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры;
2015 жылдың мамыр айынан бастап 2016 ақпан айына дейін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің профессоры;
2016 жылдың февралынан бастап Қазақстан инженерлік – технологиялық университетінің ректоры.
«ҚР ҰҒА Хабарлары» журналының (физика-математикалық сериясы) редакция алқасының мүшесі , Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің «Есептеуіш технологиялар» және Бүкілдүниежүзілік түркі математика қоғамының «TWMS Journal of Pure and Applied Mathematics» халықаралық журналдарының редакция алқасының мүшесі; Бүкілдүниежүзілік түркітілдес елдердің математика қоғамы (БТЕМҚ) басқармасының мүшесі.
2003ж. ҚР БҒМ-нің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» Төс белгісімен марапатталды;
2004ж. Ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми шәкіртақысы тағайындалды;
2006ж. «Астана» мерекелік медалімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды;
2009ж. ҚР БҒМ-нің «Ы.Алтынсарин» Төс белгісіменмарапатталды;
2011ж. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне ҚР Президентінің мерекелік медалімен және «Нұр Отан» ҰДП қызметіне белсене қатысқаны үшін төс белгісімен марапатталды, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды;
2013ж. ҚР білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін ҚР БҒМ-нің білім және ғылым министрі А.Б.Сәрінжіповтың алғыс хатымен, ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Студент жастардың барлық бастамаларын қолдаушы – Үздік ректор» дипломымен марапатталды;
2014ж. «А.Байтұрсынов» алтын медалімен және «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» төс белгісімен және отандық заңнама жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы К.Тоқаевтың құрмет грамотасымен марапатталды.