Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


ШҚМТУ редакциялық-баспа орталығы

Орталық жетекшісі - Оксана Николаевна Николаенко.

Редакциялық-баспа орталығы (РБО) «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. РБО-да мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу құралдары, монографиялар, ғылыми және әдістемелік конференциялар мен семинарлардың материалдары дайындалып, өңделіп, басып шығарылады. Университеттің «За знание» газеті беттеліп, басып шығарылады. Бланкілік өнімдер (грамоталар, алғыс хаттар, мақтау қағаздары, визиткалар, құттықтау хаттары, жарнамалық бағыттамалар, буклеттер және т.б.) дайындалады. 1998 жылдан бастап техникалық ғылымдар, сәулет, әскери ғылым, жер туралы ғылым бөлімдері бойынша Қазақстан Республикасының ЖАК таныған «Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ хабаршысы» ғылыми журналы шығарылады. 2004 жылдан бастап жоғары сынып оқушыларын математика, химия, физика және информатика бойынша тереңдетіп оқытатын және бейіндік даярлайтын материалдар жарияланатын, өлкедегі тұңғыш ғылыми-танымал журнал «Жас талап-КZ» орыс тілінде, ал 2009 жылдан бастап «Ел ертеңі-КZ» журналы мемлекеттік тілде шығарыла бастады. Кең көлемде полиграфиялық жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін заманауи материалдық-техникалық базасы бар РБО университет мәртебесін көтеруде өзіндік үлесін қосуда.

 

Издательство ВКГТУ

РБО қызметкерлері

Бүгінгі күні сапалы өнімдердің үзіліссіз шығарылуын РБО 11 қызметкері жүзеге асырады. Бұлар редакциялық топ: С.В.Зудяева, Г.Т.Жантасова; компьютерде теру және макеттеу тобы: Д.Ж.Мүшелбаева, Е.И.Богатырева, С.С.Мамыраздықова; көшіру-көбейту учаскесі: М.В.Яковлева, Е.А.Федяева, Е.С.Дююсова; дайын өнімдерді шығару учаскесі: Е.В.Скиданенко, Г.П.Роговская, И.Ю.Широбокова.

РБО ұжымының көпшілігі жастар, нағыз шығармашылық шарықтау шағында, әрқашан Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің лайықты құрылымдық бөлімшесі болуға тырысады.

Издательство ВКГТУ