«Аударма ісі» мамандығы бойынша

студенттерге қосымша білім беру орталығы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының кәсіпорындар қатары (бәрінен бұрын мұнай-газ өндіруші кешендері, бірлескен кәсіпорындар және шет елдік фирмалардың өкілдері) Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік Техникалық университетінің техникалық мамандықтары бойынша, кәсіби және компьютерлік біліктілігі жоғары, сонымен қатар өз мамандығының саласы бойынша кәсіби ағылшын тілін жетік меңгерген жас мамандарға жұмыс беру мақсатында, өздеріне бағыттау туралы сұраныс білдіреді.

Осы сұраныстар бойынша Шығыс-Қазақстан мемлекеттік Техникалық университеті тұжырымдама жасап, студенттерге «Аударма ісі» мамандығы бойынша дайындауға арналған пән бағдарламасы мен оқу жоспарын құрастырды және жоспарды іске асыру мақсатында 2002-2003 оқу жылының ішінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік Техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Жоғары оқу орнынан кейінгі білім жетілдіру және білім берудің жаңа технологиялары институтында (ЖООКБЖ және ББЖТИ) «Кәсіптік коммуникация саласындағы аудармашы» біліктілігін игеріп шығатыны жөніндегі жүзеге асыру бағдарламасы бойынша аудармашыларға арналған қосымша білім беру бөлімі құрылды.

Аталған бағдарлама бойынша студенттер параллель аптасына 8-10 сағаттан екі жыл көлемінде шет тілін оқу мүмкіндігіне ие. Барлық сағаттарының көлемі шамамен 1000 сағатты құрайды. «Аударма ісі» мамандығы бойынша оқуды жақсы аяқтаған тұлғаға «Кәсіптік коммуникация саласындағы аудармашы» біліктілігін игеріп шыққандығы жөнінде қосымша білімі туралы мемлекеттік үлгідегі сертификат пен пән бойынша бағалары жөнінде сертификатқа қосымша беріледі.

Университетте «Аударма ісі» мамандығы бойынша оқуға студенттер көп қызығушылық танытуда. Бірақ, бөлім мүмкіндіктерінің шектеулілігіне байланысты топ құру тек конкурстық іріктеуден өтуге және шет тілдері бойынша жақсы балл жинауларына байланысты. Ал бөлімдегі сабақ жүргізетін оқытушылар құрамы шет тілдері кафедрасының ең үздік, біліктілігі жоғары мамандардан жинақталған. Олар түп нұсқалы оқу құралдары мен коммуникативті оқу әдістерімен қолданады. Негізгі контингентті университеттің студенттері мен мектеп бітірушілер және көптеген әртүрлі саладағы кәсіпорын жұмыскерлері құрайды. Сабақ кестесі топтың ыңғайына қарай жасалады және сабақ кешкі уақыттарда жүргізіледі.

ЖООКБЖ және ББЖТИ компьютерлік техникалармен жабдықталған және заманауи ақпараттық лингвистикалық орталығына ие. Оқып жатқан студенттерге шет тілін тереңдетіп оқытуда бар жағдайлар жасалған. Бүгінгі таңда аталған бөлімнің «Аударма ісі» мамандығын бітіргендер жас мамандар жаңа техникалық таңдаулы – формациясына ие және шет тілін жетік меңгерген, кәсіби терең білімді мамандар қатарын толықтырады. Бізде оқу өте қиын болғанымен нәтежесі сізді 100% қанағаттандыратындығына сенімдіміз! Осы мамандыққа оқуға түсу емтиханы жыл сайын мамыр айының басында жүргізіледі. Қош келдіңіз, тапсыру емтихандарында сәттілік тілейміз!

 

Анықтама ақпараттары:
Телефон: 540-564, 540-903
E-mail: ETurganbaev@ektu.kz, betimbaeva@bk.ru

Соңғы өзгерістер күні:
16.06.2019