Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Инженерлік бейіндегі аймақтық университеттік «ІРГЕТАС» зертханасы

Инженерлік бейіндегі аймақтық университеттік «ІРГЕТАС» зертханасы  2007 жылы 25 желтоқсанда Д.Серікбаев атындағы Шығыc Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылдың 15 наурызындағы №120 бұйрығы негізінде кұрылған.

Зерхана материалтану және ұжымдық қолдану орталығы болып танылады, әр түрлі экономика салалар үшін машина жасау, құрылыс өндiрiсi, химиялық және қайта өңдейтiн өнеркәсiп, геология және басқа өнеркәсiп салаларының пайдалы қазба барлаулары, технология және нанотехнология дамыту бойымен жаңа материал алуды көздейді, сонымен қатар ғылымнын әр түрлі облыстарында минералогия, материалтану, химия, экология және тағы басқа, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Зертхана университет бас ғимаратының жеке қанатында, бiрiнші және шығыңқы iргелiк қабаттарда жайғастырылған, жалпы ауданы 687,2 шаршы метрден тұратын 19 жеке бөлмелерден құралады. Сондай-ақ:

  • ғылыми-зерттеу және талдау бөлімі - 171,1 м2;
  • cынама дайындау бөлімі - 208,5 м2;
  • кеңсе - 40,1 м2;
  • меңгерушiнiң кабинетi - 19,5 м2;
  • конференц-зал - 40,1 м2;
  • қосалқы жайлар және дәліз - 128,9 м2;
  • технологиялық бөлiмшелер - 79 м2.

384 шаршы метрден тұратын аумақта технологиялық алаң жайғастырылған. Соның iшiнде:

  • минерал шикiзаттың гравитациялық байыту бөлiмшесі - 144 м2;
  • қоймалар- 240 м2.

Зертхана қызметінің мақсаты және бағытары

Зертхананың негiзгi мақсаты, жақын арадағы Қазақстан Республикасы бiлiм дамуының басым бағыттарына сәйкес тау-кен-металургия өнеркәсіп ресурстарын кешенді пайдалану негізінде жаңа материалдарды алу, сол бағытта іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Сонымен қатар, зертхана қызметтерінің бағыттары:

  • материалталдау және нанотехнология салаларында ҒЗЖ (ғылыми-зерттеу жұмыстары) және ҒЗТҚТ-ның (ғылыми зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық талдама) орындалуы;
  • шетелдік серіктестермен және Қазақстан Республикасындағы әріптестермен ғылыми ынтымақтастық құру.

Зертхана міндеті

Негiзгi мақсатына және ғылыми бағыттарына сәйкес, зертхананың қызметі мен практикалық міндеті қалыптасты:

  • минералды және техногендi шикiзаттерең зерттеу;
  • ғылыми өнiмдердi және нанотехнологи коммерциялық технологиялар,
  • шетелдік серіктестермен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, және халықаралық бағдарламалар бойынша шетелдік серіктестерімен бірлескен зертеулерді іске асыру, Қазақстан Республикасындағы және шетел елдердің ғалымдарын өзара алмасуға жәрдемдесу;
  • докторлық және магистрлiк диссертацияларды, дипломдық және бакалавриат студенттерi курстық жұмыстарын дайындау бағдарламасы бойынша зертеулер жүргізу;
  • мемлекеттк бюджетжобаларды орындау ғылыми зерттеулерджүргзу
  • өнеркәсптк кәспорындар және ұйым, ғылыми-зерттеу орталықшаруашылық келсм жеке ғалымдар

Инженерлік бейіндегі «ІРГЕТАС» зертханасының негізінде жасалатын аналитикалық зерттеулердің түрлері:

  • Микро (нано) анализ жасау мүмкіндігі бар трансмисиссиялық электрондық микроскопия (ТЭМменМС);
  • Микроанализ жасау мүмкіндігі бар растрлық электрондық микроскопия (РЭМменМС);
  • Рентгендік дифрактрометрия (рентгенқұрылымдық талдау);
  • Индуктивті байланысқан плазмалы масс-спектрометрия (МСменИБП);
  • Микротолқынды плазманың атомдық-эмиссиялық спектрометриясы (АЭС);
  • Рентгенфлуоресценттік спектрометрия (РФС);
  • Колориметрия (К);
  • спектрофотометрия (СФ);
  • оптикалық микроскопия (ОМ);
  • металлография (МГ);
  • вакуумдық технологиялар және жұқа қабыршақтарды алу;
  • материалдарды термиялық өңдеу (соның iшiнде жоғары температуралы);
  • ұнтақ материалдармен плазмалы тозаңдату, металдарды плазмамен кесу.

Дерек түрлi зерттеулердi ҒЗТКЖ орындау үшiн зертханада кең кешенді телімдер және сынама дайындау жабдықтары бар.

Қаржы көздерi

Жылдар Негізгі бюджеттік қаражаттар, млн. теңге Гранттық қаражаттар, млн. теңге Мақсатты қаржыландыру қаражатары, млн. теңге Бюджеттен тыс қаражаттар (шаруашылық келісім) ҒЗЖ, млн. теңге БАРЛЫҒЫ, млн. теңге
2008 - 2,1 - 0,2 2,3
2009 - 15,9 - 4,2 20,1
2010 - 26,9 - 2,9 29,8
2011 13,0 19,9 50,0 3,3 86,2
2012 29,8 89,7 50,0 3,0 172,5
2013 21,3 106,8 60,0 3,9 192,0
2014 19,9 67,2 46,2 4,8 138,1
2015 19,4 90,0 10,0 5,0 124,4
2016 21,7 79,1 -
Барлығы: 125,1 714,0 215,2 29,0 1083,4

Зертхананың жұмыс істеуінен бастап қазіргі кезге дейін, мемлекеттiк бюджеттік жобалармен қатар, бюджеттен тыс-шаруашылық келiсiм жұмыстары бойынша игерілген қаражат көлемі үздіксіз өсуде.

Зертхананың қызметкерлері

Зертхана штаттық қызметкерлерінің саны (негізгі қаржыландыру бойынша): 15 адам (1 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы).

Штаттан тыс қызметкерлері (грантық және мақсатты қаржыландыру жобалары, шаруашылық келісімдер бойынша): 74 адам (7 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаттары, 7 PhD докторы).