Томилин Александр Константинович
1955 жылы туылған, ШҚМТУ-де 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол төрт жыл бойы «Механика және машинатану» кафедрасын басқарды. 2004 жылғы желтоқсан айынан бастап ШҚМТУ Сапа менеджменті бөліміне қосқызметтілікпен жетекшілік етті. 2006 жылғы ақпан айында СМЖ жөніндегі проректор – СМОдиректоры болып тағайындалды.
1977 жылы Өскемен педагогтік институтын «Физика» мамандығы бойынша тәмамдады. 1982ж. бастап 1984ж. дейін Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды. 1985 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
И.С. Конев атындағы Алматы жалпы әскери жоғары командалық училищесінде (1984-1986 жылдар), Қазақ мемлекеттік университетінде (1986-1993 жылдар), Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (1993-2001 жылдар) жұмыс істеді.
2002ж. Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің диссертациялық кеңесінде докторлық диссертация қорғады. Санкт-Петербург, Төменгі Новгород, Минск, Барнауыл, Томск, Алматы, Қарағанды қалаларының ғалымдарымен ғылыми байланыстар жасайды.
Ол 100-ден артық ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар, соның ішінде «Бөлінген параметрлері бар электр механикалық жүйелер тербелістері» монографиясын жариялады. Екі ғылым кандидатын және оннан артық ғылым магистрін дайындады.
2005 жылы «Қазақстан Республикасының Құрметті білім беру қызметкері» кеуде белгісімен марапатталды.
Байланыс телефоны: (3232)54-05-03
Соңғы өзгерістер күні:07.02.2012