«Абай» әдеби клубы

Клубтың мақсаты:

Абай» клубына шығармашылықпен айналысатын, сөз өнерін бағалайтын абайтанушы жастар қабылданады.

Клуб кеңесіне қазақ тілі мен әдебиеті, музыка мамандары, жергілікті ақындар кіреді.

Клуб жұмысы клуб Кеңесінің басшылығымен іске асады.

Клубтың жұмыс жоспары  клуб мәжілісінде талқыланып, бекітіледі.

Клуб жұмысы бойынша кафедраға есеп беріліп отырады.

Клубта үш секция жұмыс істейді:

  • «Көркемсөз» оқу секциясы,
  • «Драма» секциясы,
  • «Вокал» секциясы.

«Абай» клубының мақсаты: Абай мұрасын оқыту арқылы шығармашылықпен айналысатын, рухани дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

«Абай» клубының міндеттері:

  • Ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
  • Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып,оны сөздіксіз аудару деңгейіне жеткізу;
  • Абай мұрасын оқып үйрене отырып, алған білім мен дағдыларын әртүрлі жағдаяттар мен сайыстарда қолдана алуға тәрбиелеу;
  • Абай әндеріне видео-роликтер жасау.

Клубта жас ақындардың «Жыр мүшәйрасы», Абай өлеңдері бойынша сахналық қойылымдар, Абай әндерінің байқауы және әдеби сазды кештер  өтіп тұрады.

Клуб жұмысының жоспары бойынша  отырыстар, дөңгелек үстелдер, пікір сайыстар, көрсетілімдер, клуб мүшелігіне қабылдау, кездесулер өтеді.

Клуб жетекшісі:  аға оқытушы Қуаныш Шолпан Төкенқызы.

Клуб мәжілісі:  әр айдың жұма күні, сағат 14.00-де, Г-2-306 дәрісханасында өтеді.