ШҚТУ қызметкерлері Астана медициналық университетінің 60 жылдығына арналған «Astana Medical Forum 2024: «Болашақ медицина - ғылым, білім және практика интеграциясы» атты алғашқы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, мемлекеттік органдардың өкілдерінен бастап елдің жетекші ғалымдарына дейінгі кең ауқымды мамандарды біріктірді. Конференция барысында қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы жаһандық сын-қатерлерді талдап, инновациялық шешімдерді іздеу, медициналық білім, ғылыми зерттеулер және жаңа технологияларды практикаға енгізу мәселелерін талқылады.
Конференцияның «Денсаулық сақтаудағы ғылым мен инновациялардың жаңа горизонты» панельдік сессиясында ШҚТУ-дың табысты тәжірибелері, өнеркәсіптік серіктестермен өзара әрекеттесу тәсілдері және медициналық инжиниринг бойынша даярлық бағыттарын ескере отырып, академиялық қызметтегі ынтымақтастық перспективалары таныстырылды.
Конференцияның соңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Рахметуллина Сауле мен Астана медициналық университетінің ректоры Надыров Камалжан ынтымақтастық және өзара әрекеттестік жөнінде Меморандумға қол қойды. Университеттер арасындағы ынтымақтастық аясында «Денсаулық сақтаудағы цифрлық басқару» тақырыбында 2 дипломдық MBA бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру жоспарлануда. ШҚО-дағы медициналық қызметкерлердің басшыларының оқытуы медициналық басшылардың құзыреттерін дамытуға, клиникаларды тиімді басқаруға және медициналық саладағы коммерциялық әлеуетті арттыруға, сондай-ақ басқарушы кадрлар резервін күшейту мен даярлауға бағытталатын болады.
