Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараны арнайы пәндер оқытушылары Серікқызы Н. мен Қажыкенова Д. ұйымдастырды.

Іс-шара барысында 1, 2 және 3 курс студенттері патриоттық әндер орындап, өткен жылдардағы қазақстандықтардың өмірінен көріністер көрсетті, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері туралы бейнеролик ұсынды.

Колледж директоры  Солтанбекова Шахрам облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы атанған студенттерді атап өтіп, олардың колледждің және елдің білім беру имиджін дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.