Құрметті білім алушылар, әріптестер, серіктестер! Сіздермен жағымды жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз!
2025 жылғы 22–26 қыркүйек аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі (ШҚТУ) Қазақ-неміс ғылым және технология институтында «Ғылым және білім: Қазақстан мен Германияның серіктестігі» ұранымен II Қазақ-Неміс апталығы өтеді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы ғылыми және білім беру ынтымақтастығын дамыту және нығайту, бірлескен бастамаларды, академиялық ұтқырлықты және тұрақты дамуды ілгерілету.
Іс-шараға келесі мәртебелі қонақтар мен серіктестер қатысады: Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов, Қазақстан Республикасындағы Германияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен, сондай-ақ серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері - Фрайберг тау-кен академиясы, Бохум Рур университеті, Клаусталь техникалық университеті, Дортмунд техникалық университеті, Штутгарт университеті, Потсдам университеті, сондай-ақ Германияның DAAD, DENA, GIZ, DFG, Гёте институты, HMS Bergbau AG ұйымдары мен Шығыс Қазақстанның жетекші кәсіпорындары.
Апталықтың негізгі іс-шаралары:
- Серіктес университеттер арасында Қазақ-Неміс ғылым және технология институтын дамыту жөніндегі консорциум құру туралы келісімге қол қою
- Александр фон Гумбольд атындағы Тұрақты даму бойынша пәнаралық орталықтың салтанатты ашылуы
- ISAP DAAD халықаралық семинарының өткізілуі
Бұл оқиға ғылым мен білім беру саласындағы Қазақстан мен Германия арасындағы әріптестікті дамытудың маңызды кезеңі болып, жаңа бірлескен жобаларға жол ашады.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті әріптес ұйымдарды, жоғары оқу орындарын, зерттеу орталықтарын, сондай-ақ бизнес, ғылым және мәдениет өкілдерін Екінші Қазақстан-Германия апталығына белсене қатысуға және Қазақстан мен Германия арасындағы академиялық ынтымақтастық аясында жаңа серіктестік форматтарын дамытуға шақырады.
Біз бірлескен бастамаларға, келешегі бар жобаларды талқылауға, бірлескен іс-шаралар өткізуге және ұзақмерзімді серіктестікті кеңейтуге ашықпыз.