ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің бас сарапшысы Әділбек Ерланұлы Мансуровтың жетекшілігімен 17-20 мамыр аралығында Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында кәсіби бағдар жұмысын Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті бастады.

Серпін жобасы аясында Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударған жастарға және олардың ата-аналары үшін білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының бас сарапшысы Амзеева Бахытгүл Шайхымансурқызы алдағы мектеп түлектері тапсыратын ҰБТ туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жасады.

Үш күндік іс-шаралар легінде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ университетінің делегациясы Тараз, Түркістан қалаларында болды.