Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Тұрақты даму офисі Green Campus жобасының үйлестірушісі О. Петровамен және университеттің белсенді студенттерімен бірлесіп, «Наш Дом» жануарлар приютына гуманитарлық көмек жеткізу және волонтерлердің жұмысын қолдау мақсатында арнайы сапар ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты - баспанасыз жануарлардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ жастар арасында экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін дамыту. Университет командасы жануарларға арналған жем, дәрі-дәрмек, күтім құралдары және басқа да қажетті заттарды табыстады.
Іс-шара жалпыұлттық экологиялық «Тaza Қазақстан» бастамасы аясында өтті. Бұл бастама экологиялық сауаттылықты арттыруға, азаматтарды волонтерлікке тартуға және таза әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған. Университеттің осындай жобаларға қатысуы оның тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін, жануарларға қамқорлығын және студенттердің белсенді әлеуметтік ұстанымын қалыптастыруға қосқан үлесін көрсетеді.
Біз жануарларға қажетті азық-түлік пен керек-жарақтарды жинауға атсалысқан университетіміздің барлық қызметкерлері мен студенттеріне шын жүректен алғыс білдіреміз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз және көмектесуге деген ниеттеріңіздің арқасында приют жұмысына нақты қолдау көрсетіп, ондағы жануарлардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік туды.
Ерекше алғысымызды 25-ГТ-1 тобының студенттері Старченко Яна, Коротков Алексей 22-ГД-1 тобының студенті Тохтамыс Алан білдіреміз. Олардың белсенділігі, жауапкершілігі және приютқа баруды ұйымдастыруға қосқан үлесі іс-шараның табысты өтуіне маңызды рөл атқарды. Игі іске бейжай қарамай, қолдау көрсеткендеріңіз үшін үлкен рақмет!