Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 12-14 желтоқсан күндері үстел теннисі, тоғызқұмалақ пен шахматтан ұлдар мен қыздар арасында «Шығыс дивизионы» спорттық студенттік лига жарыстары өтеді.
Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының жоғары оқу орындары қатысуға ниет білдірді. Олар:
- С. Торайғыров атындағы Павлодар университеті;
- Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті;
- Еуразия инновациялық университеті;
- Қ. Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық университеті;
- Семей медициналық университеті;
- Шәкәрім атындағы университет;
- Әлихан Бөкейхан университеті, Семей;
- Қазақ инновациялық гумманитарлық-заң университеті;
- Қазақстан-Американ еркін университеті;
- С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті;
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.
"Шығыс дивизионы" спорттық студенттер лигасының үздік командалары 14 желтоқсанда анықталады.
Айта кетейік, 1-2 орын алған командалар Астана қаласында өтетін ҚР ССЛ финалына шығады.
Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!