Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы түлектеріміздің жаңа жетістіктерін зор мақтанышпен атап өтеді:
- Зикирова Карина Талғатқызы «Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиясы және барлау» білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертациясын Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жанындағы диссертациялық кеңесте сәтті қорғады.
- Шошай Жансерік «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша PhD дәрежесіне НАО «Торайғыров университеті» жанындағы диссертациялық кеңестің шешімімен ие болды.
Құрметті Карина Талғатқызы мен Жансерік! Сіздердің жетістіктеріңіз – тек жеке табыс қана емес, сонымен бірге ғылымның дамуына қосқан үлестеріңіз және университетіміздің беделін арттыру жолындағы маңызды қадамдарыңыз.
Шын жүректен құттықтай отырып, алдағы ғылыми және кәсіби қызметтеріңізде жаңа табыстар, шабыт пен биік белестер тілейміз!