2026 жылғы 14 сәуірде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Smart Engineering» құзыреттілік орталығында «Физикалық нысаннан цифрлық егізге дейін: жоғары дәлдікті кеңістіктік өлшеу әдістері» атты практикалық мастер-класс өтті.
Іс-шара Ғылым күні және «Жасанды интеллект және инновациялар: жаңа сын-қатерлер мен болашақтың инженерлік шешімдері» атты XII Халықаралық ғылыми-техникалық конференция аясында ұйымдастырылып, заманауи инженерлік тәсілдер мен өндірісті цифрландыруға қызығушылық танытқан студенттерді біріктірді.
Мастер-класс форматы нақты инженерлік үдерістерге практикалық тұрғыда терең бойлауға бағытталды. Қатысушыларға физикалық бөлшекті талдаудан бастап, оны кәсіби өлшеу жабдықтарының көмегімен цифрлық форматқа көшіруге дейінгі толық үдеріс ұсынылды.
Мастер-класс барысында қатысушылар заманауи өлшеу жабдықтарымен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын меңгеріп, кеңістіктік өлшеулер бойынша практикалық дағдыларға ие болды, сондай-ақ бұйымдардың цифрлық егізін жасау тәсілдерімен танысты. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға практикалық оқудан өткенін растайтын сертификаттар табысталды.