Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Еуразия және Шығыс Қазақстан» халықаралық жастар іскерлік форумы өтті. Бұл – жастар кәсіпкерлігін дамытуға, әлеуметтік-гуманитарлық бастамаларды қолдауға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған ауқымды алаң.
Форумға 150-ден астам қатысушы қатысты. Олардың қатарында студенттер, жас кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың, бизнес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Спикер ретінде 8 шақырылған сарапшы сөз сөйледі. Олардың ішінде көршілес мемлекеттерден келген мамандар да бар. Бұл форумның халықаралық мәртебесін және еуразиялық кеңістіктегі маңызын айқындай түседі.
Форум бағдарламасы екі панельдік сессиядан тұрды. Әрқайсысы жастарды дамытудың маңызды бағыттарына арналды.
Бірінші панельдік сессия жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелеріне арналды. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты кейстерді ұсынды, сондай-ақ бизнесті бастау мен оны кеңейтуге арналған қолдау құралдары туралы айтты. Сарапшылар қатарында: С. Рамазанов – «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Шығыс Қазақстан облысы туризмді дамыту жөніндегі кеңестің төрағасы, «РСС Групп» компаниясының директоры, Набиева Н. – «Апару» ЖШС директоры, Семенова А. – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері, Мықтыбаев Қ. А. – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс-офицері.
Екінші панельдік сессия жастардың қоғамдық өмірге қатысуы мен әлеуметтік белсенділігін дамытуға арналды. Қатысушылар жастар саясаты, халықаралық ынтымақтастық және қоғам дамуына бастамашыл жастардың қосатын үлесі туралы пікір алмасты. Сессияға:
Ербол Бақытжан – қалалық мәслихат депутаты, ШҚО әкімі жанындағы жастар саясаты жөніндегі облыстық кеңес төрағасының орынбасары, Невзоров О. Ю. – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Қоғамдық палатасы жанындағы жастар саясаты және дипломатияны дамыту комитетінің төрағасы, Тайгаранова Ж. Қ. – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы қатысты.
Панельдік талқылаулар барысында спикерлер ашық диалог жүргізіп, тәжірибелерімен бөлісті, нақты ұсыныстар беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Қатысушылар құнды білім алып, жаңа идеялар мен пайдалы байланыстар орнатты.
Форумның қорытынды кезеңі Project Show секциясымен жалғасты. Оның аясында қала бойынша іріктелген 9 стартап-жоба ұсынылды. Қатысушылар металлургия, еңбек қауіпсіздігі, IT, инклюзия және геймдев бағыттарындағы өз шешімдерін таныстырды. Бұл өңір жастарының жоғары креативтілігі мен технологиялық әлеуетін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
- 1-орын — Өмралинов Тамерлан (НИШ)
- 2-орын — Филимонов Артем
- 3-орын — Привалова Ангелина (Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті)
- 3-орын — Гончарова Нина а (С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті)
Форумның бас демеушісі - «Kazzinc» тау-кен металлургиялық компаниясы. Компания дәстүрлі түрде жастар бастамаларын қолдайды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болып, өз жобаларын әрі қарай дамыту мүмкіндігіне қол жеткізді.
«Еуразия және Шығыс Қазақстан» халықаралық жастар іскерлік форумы өңір жастарының жоғары әлеуетін айқындап, кәсіпкерлік және әлеуметтік белсенділікті дамытуға серпін берді. Сонымен қатар, халықаралық байланыстарды нығайтып, еуразиялық кеңістіктегі ынтымақтастықты дамытуға маңызды үлес қосты.