Машина жасаудағы инновациялары

Машина жасау Қазақстан өнеркәсібін дамыту стратегиясының басым бағыттарының бірі болып танылды.

Болашақта өнеркәсіпте жұмыс істеуді немесе мұнай-газ, тау-кен, автомобиль жасау және басқа да салаларда ғылыми қызметпен айналысуды жоспарлап отырған әрбір түлек қазіргі заманғы, прогрессивті материалдарды, өнім сапасын ұйымдастыру және басқару жүйесін, зияткерлік меншікті қорғау және өтінім тәсілдерін білуі тиіс. Бұл minor бітірушіге өз білімдерінің ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Машина жасау - өнеркәсіп өндірісінің жетекші саласы. Бүгінде ол инновациялық тәсіл мен ғылыми әзірлемелерді талап етеді. Машина жасаудың даму деңгейі елдің экономикалық дамуына да әсер етеді. Машина жасау саласындағы менеджерлер өндірісті барынша сапалы және өнімді басқара білуі, нарықта бәсекелестік жасай білуі, түрлі саладағы кәсіпорындарда технологияларды жетілдіре білуі тиіс.

 

Мақсаты:  жаңа материалдар жасаудың инновациялық әдістерін жақсы білетін, машина жасауда өнімнің сапасын ұйымдастыру және басқару, өз өнертабысын, бұзбайтын металды тексеру әдістері.

 

Маманның құзыреттілік картасы
Қалыптасатын негізгі құзыреттер
Оқыту нәтижелері
Жаңа материалдардың механикалық қасиеттерін құру және зерттеу, өнертабыстардың нәтижелерін патенттеу, өнеркәсіп технологияларын жаңғырту білуімен кәсіби қызметті жүзеге асыру қабілеті
берілген механикалық қасиеттері бар материалдарды жобалау; шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарында басқару қызметін жүзеге асыру; машина жасау өнімінің сапасын бақылау, бағалау
жаңа материалдар, зияткерлік меншікті тіркеу және қорғау кезеңдері, сапалы өнім шығару үшін кәсіпорындарды басқару әдістері туралы түсінікке ие болу

 

 

Minor Курстары:

  1. Машина жасаудағы менеджмент
  2. Бұзбайтын металды тексеру әдістері
  3. Имплантаттар жасаудың инновациялық технологиялары

 

Еңбек сыйымдылығы: 15 кредит

Пререквизиттері: жоқ

Тыңдаушылардың ең аз саны: 10

Тыңдаушылардың ең көп саны: 150