14-сабақ. Тапсырмалар

 

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалыңыз.

 

2-тапсырма. Үлгі бойынша  ұйымдастыру, жеңілдету етістіктерін бұйрық, қалау, шартты райларда жіктеңіз.

 

Үлгі:

жақ

бұйрық рай

қалау рай

шартты рай

І жақ

ІІ жақ

 

 

 

ІІІ жақ

 

 

 

 

 

3-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, шартты рай формасына қойыңыз. 

4-тапсырма. Берілген сұхбатты жатқа айтыңыз.

-   Қайырлы күн, мен сіздің банктен есеп ашқым келеді.

-   Сәлеметсіз бе, тиісті қағаздарыңызды толтырыңыз да, маған келіңіз.

-   Мен кейбір сұрақтарды анықтап алайын деп едім.

-   Иә, айтыңыз.

-   Салымның ең төменгі мөлшері қандай?

-   Салымның ең төменгі мөлшері 50 мың теңге.

-   Бір жылға қанша пайызға кепілдеме бересіздер?

-   25-30 %-ке дейін. Бұл салым көлемі мен сақталу мерзіміне байланысты. Одан басқа сіздің салымыңыз ай сайын бағаның өсуіне байланысты индекстеледі.

-   Рақмет. Бұл маған тиімді.

 

5-тапсырма. Берілген етістіктерді шартты рай формасында жіктеңіз.

Сөйлеу, беру, айту.