15-сабақ. Лексика

 

 

Банктік жүйе

 

Банктік жүйе – өндірістік инфрақұрылым. Өндіріс болса, банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен адамдарға қарызға береді.

Біздің елде банктік жүйе деңгейлі. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық банктер. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерді тексереді, тіркейді.

Әр банк ашылған сайын Ұлттық Банк лицензия береді. Ұлттық Банк басқа банктерді жиі тексереді. Банк жұмысы нашар болса, лицензияны қайтарып алады, жабады. Мысалы: Крамдсбанк.

Коммерциялық банктер екінші деңгейдегі банктерге жатады, әртүрлі мемлекеттік, акционерлік банктер де болады.

Банктік жүйенің екінші деңгейін төмендегі банктер ұсынады:

- Мемлекеттік банк – ҚР Үкіметі шешімінің негізінде құрылған;

- Шетел банктерінің қатысуымен құрылған банктер. Бұл банктердің акциялырының үштен бір бөлігі ҚР резидент емес жеке меншігінде;

- Мемлекетаралық банктер – мемлекетаралық келісім негізінде құрылған банктер. Мұндай банктердің құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен басқа мемлекеттер.

Банктер ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғам және мемлекеттік кәсіпорындар түрінде құрылады.

(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан )

 

жүйе  – система                                                

өндіріс – производство

инфрақұрылым – инфраструктура                            

мұқтаж – нужда

кәсіпорын – предприятие                                 

қарыз – долг

шешім – решение                                              

деңгей – уровень

мемлекетаралық – межгосударственный                   

құрылтайшы – учредитель

үкімет – провительство                                    

қоғам – общество

тексеру – проверять                                         

қайтару – возвращать

жабу – закрыть                                                 

ұсыну – предлагать

қоғам – общество