7-сабақ. Грамматика
а) етістік
ә) тұйық етістік
б) болымсыз етістік
Етістік
Етістік (глагол) – заттың қимылын,
іс-әрекетін білдіретін сөз
табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? деген
сұрақтарға жауап береді.
Тұйық етістік
Тұйық етістіктің тәуелденуі.
|
жақ |
жекеше |
көпше |
|
І |
келуім |
келуіміз |
|
ІІ |
келуің |
келулерің |
|
|
келуіңіз |
келулеріңіз |
|
ІІІ |
келуі |
келулері |
Тұйық етістіктің септелуі.
|
септіктер |
мысалдар |
|
Атау |
бару, келуім,
көрулері |
|
Ілік |
барудың, келуімнің, көрулерінің |
|
Барыс |
баруға, келуіме, көрулеріне |
|
Табыс |
баруды, келуімді, көрулерін |
|
Жатыс |
баруда, келуімде, көрулерінде |
|
Шығыс |
барудан, келуімнен, көрулерінен |
|
Көмектес |
барумен, келуіммен, көрулерімен |
Болымсыз
етістік
Қимылдың,
іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын білдіретін етістіктерді болымсыз
етістік (отрицательная форма глагола) дейді. Болымсыз етістік -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары
мен жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы
жасалады: бар+ма, кел+ме, айтқан жоқ, барған емес.