Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары

Машекенова Асия Хасеновна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл пән жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын қолдану бойынша нормативтік-техникалық құжаттарды, жол қозғалысын реттеу әдістерін және оларды меңгерудің алғышарттарын меңгеруге мүмкіндік береді; жол қозғалысын ұйымдастыру және басқару құралдарының жіктелуін, олардың функционалдық және техникалық мүмкіндіктерін, көлік ағындарының параметрлері туралы ақпаратты жинауды автоматтандыру үшін техникалық құралдарды қолдануды білу.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Жол қозғалысын ұйымдастыру

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Аталған пәнді оқытудың мақсаты қозғалыс нысандарының сипаттарын анықтау мен бақылаудың құралдары мен әдістерін, құрылу қағидаларын және ЖҚҰ қазіргі заманғы техникалық құралдарын қолдану мен сипатын анықтауда.
Міндет
  • Негізгі міндеттер болып табылады: жол қозғалысын басқару мен ұйымдастырудың құралдарын жіктеуді анықтау, олардың қызметтік және техникалық мүмкіндіктері; бағдаршамдық реттеудің техникалық және алгоритмін анықтау; жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын қолданудың негізгі нормалық-техникалық құжаттарын білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын қолданудың нормалық-техникалық құжаттарын білу; жол қозғалысын реттеудің әдістері мен оларды енгізудің салдарын; жол қозғалысын басқару мен ұйымдастырудың құралдарын жіктеу, олардың қызметтік және техникалық мүмкіндіктерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Көлік құралдарының ағыны, жол жамылғысының жағдайы мен қоршаған орта, жүргізушілерге қозғалыс тәртібі мен бағдарын ескерту туралы ақпараттарды жинауды автоматтандырудың техникалық құралдарын қолдану: ерекше жағдайларда және экологиялық қауіпсіздікті арттыру үшін қозғалысты басқарудың техникалық құралдарын қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Пәнді оқу барысында алған тәжірибелік және теориялық білімін жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді шешуде қолдана білу қабілеті; жол қозғалысын реттеу мен ұйымдастыру құралдарына деген техникалық талаптарды қалыптастыруға.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Конструктивті және ұйымдастыру шараларының саласында профессионалдық қызметтің білімге және оқуға деген маманға қойлатын біліктілік сипаттың талаптарының деңгейіне жету.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіптік қызметте және магистратурада білімін жалғастыруда қажетті жаңа арнайы білімді игеру дағдысын меңгеру.
Негізгі әдебиет
  • 1 Кременец Ю.А., Печерский М.П., Афанасьев М.Б. Технические средств организации дорожного движения: Учеб.для вузов. - М.: Транспорт, 2005.- 255 с. 2 СТ РК 1412-2017. Технические средств организации дорожного движения: Правила применения. - Астана, 2017